ШЫМКЕНТ: ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ «МУЗЕЙДЕГІ ТҮН» ӨТТІ

«Шымқала» тарихи- мәдени кешенінде «Музейдегі түн» тарихи іс-шарасы өтті. Оны тамашалауға қала тұрғындары көптеп жиналды. Шара қала күніне орай үйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — қала тұрғындары мен қонақтарына көне Шымкент тарихын насихаттау, жәдігерлер құндылығымен таныстыру, жастарды тарихты зерттеуге, жәдігерлерді құрметтеуге үйрету, патриоттық сезімін ояту.

Мерекелік бағдарлама «Шымқала дастаны» театрландырылған хореографиялық қойылыммен басталды. Бұл дастан ұлы батылдық, елге деген махаббат пен намыс туралы. Каскадерлер шоуында әскери жаттығулардан шеберлік сағатттары және түрлі ойын түрлері көрсетіліп, Шымкент қаласының өнерпаздарының қатысуымен ашық аспан астында этно-фольклорлық концерт ұсынылды.

«Қорқыттың көрі» театрландырылған қойылым да қала тұрғындарына керемет әсер сыйлады. Оның шығармашылығында жақсылықпен жамандық, тозақ пен жұмақтың күресі жарқын сипатталды. Нақтырақ айтқанда компазицияда жерасты мен аспан әлемінің күресі көрсетілді. Көне дәуірлердің үніне сай дауылпаздар соғылып, түрлі әуендерден сазды шеру ойнап, дәуірлер тоғысындағы тосын тарихи сәттерге арналған хореграфикалық көрініс көрсетілді.  Онда қамал қорғаны, соғыс өнері, шабуыл, қорғаныс әдістерінен батырлардың әскери қару-жарақ түрлерінен жаттығулар арқылы өткен тарихымыз насихатталды. Мерекелік концерт барысында тарих мамандары қазақ халқының тарих беттірін парақтады.

Шара соныңда өнерпаздар патриоттық әндер айтып, түрлі қойылымдар қойды.

Ашық аспан астындағы «Шымқала» кешені туралы деректі фильмнің тұсауы да осы жерде кесіліп, хореографиялық қойылым, су және от шоулары ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Шымқала» тарихи-мәдени кешені ҚР тарихи-мәдени мұраларын насихаттау және тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым, техника, эстетикалық мәні бар басқа да объектілерді сақтап, көпшілікке ұсыну мақсатында 2020 жылы ашылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.