
Іс-шара барысында еліміздегі қолданылып жүрген негізгі заңдар, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтың салдары жайлы түсіндірді. Сондай-ақ балаларға қоғамдық орындардағы тәртіп сақтау, интернеттегі қауіпсіздік, зорлық-зомбылық пен буллингке жол бермеу, құмар ойындарға тәуелділіктің (лудомания) қауіптілігі туралы кеңінен айтты.
Оқушылар прокурор және психолог мамандармен еркін әңгімелесіп, өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Олар құмар ойындардың психологиялық әрі құқықтық тұрғыдан қандай зиян әкелетінін, оның жасөспірімдердің болашағына үлкен қауіп төндіретінін білді.
Мұндай кездесулердің басты мақсаты жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу болып табылады.
Бұдан бөлек Шымкент қаласының прокуратурасында ұжым ішіндегі өзара әрекеттестікті нығайтуға және корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған командалық тренинг өткізілді.
Іс-шара бағдарламасына қызметкерлер арасындағы коммуникация мен өзара түсіністікті арттыруға көмектесетін командалық жаттығулар мен іскерлік ойындар ұйымдастырылды. Мұндай форматтар заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиімді шешуге қабілетті ұйымшыл ұжым қалыптастыруға ықпал етеді.
Қала прокуроры әр командамен жеке кездесіп, қызметкерлердің ұсыныстарын талқылады және қойылған сұрақтарға жауап берді. Бұл ашық диалог ұжым ішіндегі сенімді нығайтып, өзара түсіністікті арттыруға мүмкіндік берді.
«Осындай бастамаларды тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр — бұл командалық рухты қолдауға, идеялар алмасуға және қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыруға бағытталған», — дейді жауаптылар.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
