Шымкент қаласындағы «Химфарм» фармацевтика зауытының ғимараты террористік тұрғыдан осал нысандар тізімінде қала бермек

Шымкенттегі «Химфарм» акционерлік қоғамының ғимараты террористік тұрғыдан осал объекті талаптарына сәйкес болып шықты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы орталығы хабарлады.

Орталық мәліметінше, арнайы жұмыс тобы «Химфарм» акционерлік қоғамының ғимаратын тексерген. Топ ғимараттың Үкімет тарапынан белгіленген талаптарға сай, не сай емесін анықтаған. Дәлірегі, Террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының құрамында арнайы, құқық қорғау органдары және жергілікті атқарушы органдарының жауапты өкілдерімен «Химфарм» акционерлік қоғамының ғимаратында болып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 қаулысына «Террористік тұрғыдан осал объекті талаптарына» сәйкестендіру жұмыстарын жүргізді.

«Нәтижесінде «Химфарм» акционерлік қоғамы террористік қауіп төнген жағдайда біршама адам шығынына алып келетіні және экономикалық және экологиялық зиян келуі мүмкін әлеуетті қауіпті объект ретінде танылып, террористік тұрғыдан осал объектілер тізімінде қалды» — дейді Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы орталығының жауаптылары.

Жұмыс тобының құрамына арнайы, құқық қорғау органдары және жергілікті атқарушы органдарының жауапты өкілдері кіреді. Ендігі кезде «Химфарм» ғимаратының жайы терроризмге қарсы комиссиясы жанындағы жұмыс тобының отырысында қаралады.

Айта кетейік, ғимарат террористік тұрғыдан осал болмауы үшін берік, қорғанысы талапқа сай, төтенше жағдайлардың алдын алуға және адамдардың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған болуы шарт.

Бұдан бөлек Шымкент қаласы аумағында адам көп шоғырланатын террористік тұрғыдан осал объектілер тізіміне жататын көлік салондарында да терроризм актісі орын алған жағдайда алғашқы іс-қимыл алгоритмі түсіндіріп өтілді.

Сонымен қатар, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар телефон қоңырауы, мессенджерлер арқылы келіп түсетіндігі хабарланды.

Жалған террористердің «шабуылының» ең көп тараған нысандарына жоғарыда аталған адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар болып қала береді.

Шымкент қаласының терроризмге қарсы комиссиясы аясында құрылған террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы ұсынылған объектіге тексеру жұмыстарын жүргізді.

Бұл ретте, «JAC», «TANK» көлік салондарының жай-күйіне зерделеу жұмыстарымен қорытындыланды. Мұндай объектілердің беріктігі мен қорғанысы төтенше жағдайлардың алдын алуына және адамдардың қауіпсіздігін сақтауға бағытталғанын атап өткен орынды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You