Шымкент — қауіпсіз әрі жайлы шаһар: Мегаполисте тұрғын үй құрылысында өрлеу бар

Биыл Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан жалпы құны 104,9 миллиард теңгеге 69 жоба аясында 98 нысанның құрылысы қолға алынды. Оның ішінде 62 нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланса, бір нысанның құрылысы толығымен аяқталды.

Қалған 35 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі болып отыр. Аталған жобалар аясында қала аумағында көпқабатты 57 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл үйлердің жалпы аумағы 283,5 мың шаршы метрді құрап, 3 592 пәтерді қамтиды. Биыл соның ішінде 31 үй (2 412 пәтер, 190,7 мың шаршы метр) тұрғындар игілігіне берілмек. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына нарықтан 379 пәтер сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңда бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, былтыр бұл санатқа жататын азаматтар үшін 1 514 пәтер сатып алынған болатын (оның ішінде 1 060 пәтер әлеуметтік осал топтарға, 454 пәтер жұмыс істейтін жастарға берілген).

Қаланың әр шағынауданында кепілдік мерзімдегі үйлер бойынша да жұмыс белсенді жүргізілуде. Қазіргі таңда «Тұран-2», «Шымкент сити», «Нұрсәт», «Бозарық» және «Ақжайық» шағынаудандарындағы көпқабатты 197 тұрғын үй (10 562 пәтер) кепілдік бақылауда тұр. 2025 жылдың басынан бері 50 құрылыс кемшілігі анықталып, қалпына келтірілді. Ал, 2024 жылы 656 ақау тіркеліп, олар да тиісті түрде жойылған. Құрылыс сапасын бақылау мақсатында шарт талаптарын орындамаған мердігер мекемелер мен техникалық қадағалаушыларға биылғы жыл басынан бүгінге дейін 5,6 миллион теңге айыппұл салынып, өндірілді. Оның ішінде мердігерлерге – 1,88 миллион теңге, техникалық және авторлық қадағалаушыларға – 105 мың теңге, кепілдік мерзімі аясында – 3,75 миллион теңге. Ал, өткен жылы бұл көрсеткіш 176,5 миллион теңгені құраған болатын. Сонымен қатар, 2025 жылы «Корпорация Сити-строй» ЖШС-і мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы ретінде танылды.

Қалада апатты және ескі үйлерді жаңарту бағытында реновация бағдарламасы қайта бекітілді. Бүгінгі таңда 113 пәтерді қамтитын апатты жағдайдағы 10 үйдің тұрғындарын көшіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 2021 жылдан бері көпқабатты 233 тұрғын үйге техникалық зерттеу жүргізіліп, оның ішінде 68 үй сейсмонығайтуды қажет етеді деп танылса, 67 үй апатты, ал 98 үй тұрақты жағдайда екені анықталды. Қазіргі уақытта тағы бірнеше үйге ҚазҒСҚЗИ мамандары тарапынан зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту мақсатында ағымдағы жылы 8 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 7 нысан жыл соңына дейін аяқталып, 1 жоба келесі жылға өтеді. Одан бөлек көпқабатты 22 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және қала аумағындағы 9 үйдің тозығы жеткен 17 жедел сатысын ауыстыру жоспарланған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You