
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат білу. Сондай-ақ, қару иелерін, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеріп, заңсыз көші-қонның жолын кесу болып табылады.
Айта кетейік, Шымкентте «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы 1 қарашаға дейін жалғасады.
Мәселен, Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына қарасты №17 тірек пунктінің учаскелік полиция инспекторларының тұрғындармен кездесу өткізуі – бұл қоғам мен полиция арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және жергілікті мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталған шара.
Мұндай кездесудің мақсаты:
- Тұрғындардың өз учаскелік инспекторын тануы;
- Құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікке байланысты мәселелерді талқылау;
- Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу, алдын алу шараларын түсіндіру;
- Жергілікті жердегі проблемаларға байланысты тұрғындардың ұсыныстарын тыңдау;
- Полиция жұмысының ашықтығын арттыру.
Өткізу форматы:
- Ашық жиын, «дөңгелек үстел», жиналыс түрінде;
- Инспектор өзінің қызмет аймағы, құқық бұзушылық жағдайы туралы баяндама жасайды;
- Тұрғындар сұрақ қойып, пікір білдіреді;
- Алдағы уақытқа ортақ жоспар құрылады.
Маңызы:
- Халық сенімін арттырады;
- Полиция мен тұрғындар арасындағы байланыс күшейеді;
- Құқық бұзушылықтың алдын алуда тұрғындардың белсенділігі артады.
Осы ретте тәртіп сақшалырының тыныс-тіршілігіне қатысты атап өтер тағы бір жайт, Шымкент қаласының Патрульдік полиция полкі қызметкерлері жоғалып кеткен екі бүлдіршінді тауып, ата-анасына аман-есен табыстады. Полицияға балалардың жоғалғаны туралы хабарлама түскен бойда патрульдік полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын ұйымдастырды. Жедел жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бүлдіршіндер қаланың аумағынан табылып, қауіпсіз жерге жеткізілді.
Ата-анасы полиция қызметкерлеріне дер кезінде көрсеткен көмегі мен кәсіби әрекеті үшін ризашылығын білдірді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
