Шымкент қаласында «Жас сақшы» полиция сыныптары оқушыларымен кездесу өтті

ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы Оқу орталығында «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен ҚР ІІМ-нің Кубогы үшін шағын футболдан өтетін турнирі алдында «Жас сақшы» полиция сыныптары оқушыларымен кездесу өтті.

Республикалық ауқымды кездесуде 250 «Жас сақшы» бас қосты. Салтанатты шараға ҚР ІІМ Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Қайрат Анатольевич Евнеев қатысты. Шара барысында Жас сақшылар «Қызмет бабында қаза болған полиция қызметкерлеріне арналған ескерткішке» гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Оқу орталығының саптық алаңында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің әдістемелік жатығу өнерін тамашалап, атыс және дене даярлығы циклінің ұйымдастырумен полиция қызметкерлерінің күнделікті қызмет бабында қолданатын атыс қаруларының түрлерімен танысты. Шымкент қаласы Полиция департаментінің және ҚР Ұлттық ұланның «6506» әскери бөлімінің арнайы техникаларымен танысты.

«Жас сақшылыр» Оқу орталығының генералдар кабинетін, мұражайн және атлас карталар галереясын аралады және Кеңес одағының батыры, даңқты жауынгер Бауыржан Момышұлы жайында тарихи бейнефильм көрді.

Сонымен қатар «Жас сақшылар» тәулік бойында Оқу орталығының базасында болып, орталықтың тыныс-тіршілігіне етене енді. Алдағы күні «Жас сақшыларды» достық пен ынтымақты нығайтатын футбол турнирі күтуде. «Жас сақшы» – болашақ ел қорғаны. Бұл шара — Ұлттық әскер сапында адал қызмет етуге баулитын ерекше жоба. «Жас сақшыларымыздың» келешегі кемел, білімді, елдің патриоты болып өсе берсін!

Айта өтейік, мектептерде мұндай сыныпты құрудың мақсаты — балалардың әскери-патриоттық тәрбиесі мен кәсіби бағдарын нығайту, сондай-ақ болашақ мамандықты таңдауға көмектесу. «Жас сақшы» жобасы өскелең ұрпақтың бойында патриоттық, азаматтық және жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталған. 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You