Шымкент қаласының әкімі қала тұрғындарымен бірге ағаш отырғызу акциясына қатысты

Шымкент қаласында экологиялық мәдениетті арттыруға және табиғатқа ұқыпты көзқарасты қалыптастыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда.

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жергілікті тұрғындармен бірге «Астана» шағын ауданында көшет отырғызу жұмысына қатысты. Егілген ағаштар қаланың көгалдандыру жүйесін толықтырып қана қоймай, тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы орта қалыптастырады.

Іс-шара барысында мегаполис басшысы мұндай игі бастамалардың маңыздылығын атап өтті:

— Ағаш отырғызу – болашақ ұрпаққа жасалған қамқорлық. Мұндай шаралар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып қана қоймай, қоғамның бірлігін нығайтады. Әрбір тұрғын өз қаласының тазалығы мен әсем келбетіне үлес қосуы тиіс, – деді Ғабит Сыздықбеков.

Сондай-ақ, күзгі көгалдандыру маусымы аясында Шымкент қаласының орталық көшелерінде, саябақтар мен гүлзарларда, сондай-ақ аулаларда ағаш отырғызу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл шаралар жасыл инфрақұрылымды дамытуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Бүгін “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің қызметкерлері де «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Еңбекші ауданы аумағында сенбілікке шығып, қоршаған ортаның тазалығы үшін аянбай еңбек етті. Сенбілік барысында аумақ қоқыстан тазартылды, тазалық пен тәртіпке үлес қосылды, 47 келі қоқыс жиналды.

Шымқала жастары экологиялық мәдениетті қалыптастыруда белсенділік танытып, “Таза Қазақстан” бастамасына нақты іспен қолдау көрсетті.

Сондай-ақ Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының мамандары да “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясының аясында жалпықалалық сенбілікке шықты. Сенбілік аясында басқарма қызметкерлері Кутузов көшесі бойында М.Қалмырзаев көшесінен М.Төлебаев көшесіне дейінгі аралықта ирригациялық арықтарды, аяқжолдарды қоқыстан тазартты.

Сондай-ақ мекеме мамандары бекітілген аумақты қоқыстан тазалап, жасыл желектердің айналасын ретке келтіріп, қаланың көркін арттыруға бағытталған жұмыстарды атқарды.

Айта кетейік, бұл іс-шара қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру мен тұрғындар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұжымы да “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясының аясында жалпықалалық сенбілікке шықты. Акция барысында мекеме қызметкерлері Т.Айбергенов көшесінің бойындағы ирригациялық арықтар мен тұрғын үй аулаларын, жолдарды қоқыстан тазартты.

Мекеме мамандары бекітілген аумақты қоқыстан тазалап, жасыл желектердің айналасын ретке келтіріп, қаланың көркін арттыруға бағытталған жұмыстарды атқарды. Бұл іс-шара қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру мен тұрғындар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Атап өтерлігі, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Астана қаласындағы Ботаникалық саябақта ерікті және белсенді жастармен бірге ағаш екті. Жалпыұлттық іс-шара аясында биыл республика аумағында 2,4 миллионға жуық көшет отырғызылған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You