
«Қауіпсіз жол» іс-шарасы аясында Шымкент қаласының Патрульдік полиция полкі қызметкерлері алыс жолға шығатын «Alphard», «Starex» секілді жолаушылар тасымалдаушы көлік жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұл ретте жүргізушілерге қойылған негізгі талаптар: жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау; жылдамдықты асырмау; ұзақ жолға шығар алдында жақсылап демалып алу; шаршаған немесе ұйқысыз күйде рөлге отырмау; жолаушылардың қауіпсіздігін басты орынға қою. Полиция қызметкерлері атап өткендей, әр жолаушының тағдыры мен өмірі — жүргізушінің қолында. Сондықтан әр сапарға тек сергек күйде шығып, жолда барынша мұқият болу – басты міндет.
Алыс жолға шығатын жүргізушілерге патрульдік полиция қызметкерлері арнайы барып, жол ережесін сақтау, демалысты дұрыс ұйымдастыру және жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. «Бұл шараның мақсаты – жолда абай болуды арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Жүргізушілерден жол ережесін қатаң сақтауды, жауапкершілік танытуды сұраймыз. Жолда әрқашан сақ болыңыздар – өзіңізді де, жолаушыларды да қорғаңыз!» — дейді тәртіп сақшылары.
Бұдан бөлек тағы бір атап өтерлігі, Шымкент қаласы прокуратурасында әскери дайындық бағытында атыс қарулардың негізгі тактикалық және техникалық сипаты, толық бөлшектемеу және жинақтамау, материалдық бөлігі, қауіпсіздік шаралары, сонымен қатар жарылғыш заттардың түрлері және олардан қорғану тәсілдері тақырыбында тәжірибелік құқықтық сабақ жүргізілді. Сабақта Шымкент қаласы Полиция департаментінің Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының бөлім бастығы М.О.Сидиров және әскери дайындықтың инструкторы Е.Ж.Зортаевтар өз тәжірибелерімен бөлісті.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
