Шымкентте «Қазақ аналары — дәстүрге жол» республикалық жобасының мерекелік іс-шарасы өтті. Ұлттық салт-дәстүрлерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен жобаның мерекелік концерттік бағдарламасы Абай ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің орынбасары Е.Заңқоев мұндай жаңа бастамалардың жастарға берері мол екенін, тағылымды жобаларды қолдауға әркез дайын екенін жеткізді.
Республикалық жобаның Шымкент қаласы бойынша филиалы биыл наурыз айында құрылған болатын. Жобаның негізін қалаушы Айнұр Жүгінісова көпшілікті қала күнімен құттықтап, авторлық әндерін тарту етті. Іс-шарада ұмыт қалған салт-дәстүрлерімізден көрініс көрсетіліп, келіннің бетін ашу, тұсаукесер және тағы басқа дәстүрлеріміз дәріптелді.»Қазақ қыздары» ұлттық киімдерінен дефиле және балалар киімдерінің үлгісі көрсетілді. Сондай-ақ, қолөнер шеберлері мен студенттердің қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Айтпақшы, қалада «Шырқал ән, төгіл дауыс» турнесі басталды.
Шымкент қаласының Ақпараттық – коммуникациялық орталығында Хатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиевтің 70 жылдығына арналған республикалық «Шырқал ән, төгіл дауыс» турнесінің өтуіне байланысты Батыс Қазақстан облысынан келген делегаттар баспасөз брифингін берді.
«Биылғы жылы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, айтыскер ақын, жыршы-темеші, дәстүрлі әнші Хатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиев мерейлі 70 жасқа толып отыр. Осы орайда, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен республикалық «Шырқал ән, төгіл дауыс» турнесі бастау алды. Бүгін 21 маусым күні Шымкент қаласындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда сағат 19:00 де Хатимолла Жәңгірұлының шығармашылық концерті өтеді. Бұл концертте Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әртістері ҚР Еңбек сіңірген артисі, Қанатқали Қожақов пен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Айбар Хайрхановтар да өнер көрсететін болады.»-деді Олжас Сейтимов. Хатимолла Жәңгірұлының репертуарында қазақтың үш жүзден астам халық әндері, Бұқар, Базар, Қашаған жыраулардың терме-жырлары, Мұхит Мералиевтің, Ғарифолла Құрманғалиевтің және халық композиторларының әндері де бар. Хатимолла Бердіғалиев есімі алты алашқа мәлім болған, айтыс пен ән өнерінде елінің ықыласына бөленген дарынды тұлға. Турненің мақсаты; руханият кеңістігін ұлттық тәрбиемен астастырып, патриоттық идеялогияны қалыптастыру және қазақ даласындағы дарынды дарабоздардың есімдерін дәріптеу арқылы төл өнерімізді қастерлеу болып табылады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
Les enregistreurs de frappe sont actuellement le moyen le plus populaire de suivi des logiciels, ils sont utilisés pour saisir les caractères au clavier. Y compris les termes de recherche saisis dans les moteurs de recherche, les e — Mails envoyés et le contenu du chat, etc. https://www.xtmove.com/fr/how-to-monitor-the-text-entered-by-the-keyboard-on-the-phone/
Você também pode personalizar o monitoramento de determinados aplicativos, e ele começará imediatamente a capturar instantâneos da tela do telefone periodicamente.