«Shymkent» ӘКК құрылыс компаниялармен бірлесіп, 400 отбасыға азық-түлік себеттерін таратты

Ізгі шара қала әкімі Мұрат Әйтеновтің «Рамазан – қайырымдылық айы» атты акциясын қолдау барысында өткізілді.


Қасиетті Рамазан айында «Shymkent» ӘКК, «SDN construction», «Kanfar building» және «Bek stroy service» құрылыс компаниялары 400 отбасыға арналған азық-түлік себеттерін таратты.

Ауызашарға арналған себеттер макарон, күріш, ұн, май, қант, шай, печенье, кәмпиттер және құрмадан тұрады.

ӘКК ұжымы қаланың бес мешітіне азық-түлік себеттерін жеткізді.

Қайырымдылық шара қала әкімі Мұрат Әйтеновтің «Рамазан – қайырымдылық айы» атты акциясын қолдау мақсатында өтуде.

Мұқтаждарға таратылып жатқан азық-түлік себеттері аудан әкімдіктері мен мешіт имамдары бірлесе жасақтаған тізімі бойынша берілуде.

Естеріңізге сала кетейік, мұқтаждарға таратылып жатқан азық-түлік себеттері Аудан әкімдігі мен мешіт имамдары бірлесе жасақтаған тізімі бойынша берілуде. Рамазан айында өткен қайырымдылық акциялары Шымкент қаласының мәслихаты есебінен ұйымдастырылды. Іс-шаралар барлық санитарлық талаптар мен карантин ережелерін қатаң сақтай отырып өткізілді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.