ШЫМКЕНТ: 16 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ 5-ЕУІ АШЫЛДЫ

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент әкімі М.Әйтенов халықтың табысын арттыра түсу үшін өндіріс орындарының санын арттыру жұмыстары қолға алынғанын жеткізді.

— Бұл бағытта биыл 16 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Инвестиция көлемі 52,3 млрд. теңгені құрап, 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда жоспарланған 5 кәсіпорын іске қосылды.

✔️ «KAZALPACK» компаниясы.

✔️ «DALA CONSTRUCTION» компаниясы.

✔️ «ЦВЕТЛИТ» КОМПАНИЯСЫ.

✔️ «ЭКО-ФАРМА» ЖШС.

✔️ «MEGA SMART B2B» компаниясы.

 «Осылардың ішінде Орталық Азияда теңдесі жоқ «KazAlPack» ЖШС «Алюминий банкілерінің өндірісі» жобасын атап өткім келеді. Жоба құны 23,4 млрд. теңгені құрайды. Жаңадан 145 жұмыс орны ашылды. Онда жылына 500 млн. дана алюминий банкілерін шығару жоспарлануда. Өндірілген өнім елге келген импорттың 60%-ын алмастырады», — деді әкім.

Сондай-ақ жоспарланған жобалардың ішінде қала экономикасына маңызды жобалардың бірі ретінде «Standard Steel KZ» ЖШС түсті металл концентраттарын алу зауыты (мыс, қорғасын, цинк, алтын) жобасы бар. Аталған жобаның құны 8,5 млрд теңге. Жоба аясында 250 жаңа жұмыс орны ашылмақ. «Бұл – қала үшін маңызды. Себебі бұрынғы қорғасын зауыты аумағындағы қорғасын қалдықтары тазартылып, қаланың экологиясына оң әсер ететін болады»,-деді қала әкімі.

Жалпы қаладағы 4 индустриялды аймақта 185,3 млрд.теңгеге 130 жоба іске асырылып, 8,3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Өңірде жыл соңына дейін 538 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 16%-ға артық. Бұл көрсеткішке 2022-2025 жылдары қалада жүзеге асырылатын құны 2,6 трлн. теңге құрайтын 242 инвестициялық жобалардығ үлесі әсер етпек. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі саласында құны 550 млрд. теңгені құрайтын 45 жоба іске асырылады деген жоспар бар.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.