
Шымкент қаласындағы 90 отбасы әлеуметтік пәтерге ие болды. Көпқабатты тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға сатып алу құқығынсыз берілді.
«Тұран» және «Нұрсат» шағын аудандарында орналасқан пәтерлердің 37-і көпбалалы отбасыларға, 36-ы халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топ мүшелеріне, 17-і жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға тапсырылды.
Жаңа қоныстанушыларды баспанамен қала әкімінің орынбасары М.Исахов пен қалалық мәслихаттың хатшысы Б.Нарымбетов арнайы барып құттықтап, пәтер кілтін табыстады.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Көп балалы аналардың жағдайы – әлеуметтік саланың барометрі» екенін айтып, көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында пәтерлер беруді тапсырған. Осыған орай қалада арендалық 20 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жалпы биыл 1605 отбасыны әлеуметтік баспанамен қамту жоспарланған болса, осы жылдың сәуір – мамыр айларында түрлі санаттағы 83 отбасыға пәтер табысталған болатын»,-деді әкім орынбасыры М.Исахов.
Оның сөзінше, бұдан бөлек, «5-20-25» кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша биыл 1524 азаматты несиелік тұрғынжаймен қамтамасыз ету жоспарланған. Аталған тұрғын үйлердің конкурсы кезең-кезеңімен «Отбасы банк» арқылы жүргізілуде. Жеңілдетілген несиелік бағдарламаларға қатысушылар үшін әлеуметтік көмек ретінде Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралып отыр. Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде беріледі.
678357 610229This is a extremely exciting write-up, Im looking for this know how. So you realize I established your internet website when I was searching for sites like my own, so please look at my web web site someday and post me a opinion to let me know how you feel. 396428
578682 217884Oh my goodness! a fantastic post dude. Several thanks However We are experiencing issue with ur rss . Dont know why Can not sign up to it. Could there be anybody obtaining identical rss difficulty? Anyone who knows kindly respond. Thnkx 915252
866581 916628Howdy! Would you mind if I share your blog with my twitter group? Theres a great deal of men and women that I think would genuinely enjoy your content. Please let me know. Thanks 272011
558454 986037Hey! Great stuff, do tell us when you lastly post something like this! 271888
166073 968331Some genuinely good stuff on this website , I enjoy it. 559334