Шымкент: Абай ауданының прокуратурасы пробация қызметімен бірлесіп сотталғандарға қатысты рейдтік іс-шара өткізді

Рейд барысында сотталғандардың тұрғылықты жерлерінде тексерулер жүргізіліп, олардың қозғалысын бақылау және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 2GIS қосымшасын қолдануы қамтамасыз етілді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – пробация есебінде тұрған тұлғалардың жүктелген міндеттемелерді орындауын қадағалау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қадағалаудағы жұмыстың тиімділігін арттыру болып табылады. Абай ауданы прокуратурасы бұл бағыттағы шараларды жүйелі түрде жалғастыратын болады.

Атап өтер жайт, 2025 жылы пробация қызметінде «Кибер Бақылау 2ГИС» жобасы іске қосылды. Жүйе пробация есебіндегі сотталғандардың жүріп-тұруын бақылауға, белгіленген шектеулердің орындалуын қамтамасыз етуге және қайталама қылмыстардың алдын алуға бағытталған. Цифрлық жоба 2ГИС картасы негізінде геолокациялық бақылауды, сондай-ақ бейне мен дауыс арқылы сәйкестендіруді қолданады. Бұл пробация қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп, қоғам қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың басынан Абай ауданының прокуратурасы балалардың қаражатқа (алиментке) құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды жүзеге асырды. Осыған байланысты Абай ауданы прокуратурасының бастамасымен «Қорғау» автоматтандырылған жүйені пайдалану арқылы рейдтік іс-шаралар жүргізілді, нәтижесінде 6 борышкердің автокөліктері анықталып, Полиция департаментінің айыппұл тұрағына жеткізілді.

Салдарынан 2 борышкер сол күні 6,2 миллион теңгеге қарызын өтеп, 5 баланың алимент алу құқығы қалпына келтірілді.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың өткен мерзімінде балаларды асырауға алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа 28 борышкер, қылмыстық жауаптылыққа 15 борышкер тартылды.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде борышкерлерден 30,6 миллион теңгеден астам соманы өндіріп алу арқылы 30-дан астам баланың құқығы қорғалды. Аталған бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You