Шымкент ардагерлері Жеңіс күні құрметіне 1,1 млн теңгеден алады

Шымкентте Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне берілетін бірреттік қаржы көлемі белгілі болды.


Биыл майдангерлер 360 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 1 110 680 теңгеден көмек алады.

«Бұл қаражат ардагерлердің есепшоттарына аударылады. Оны алу үшін ешқандай құжат жинаудың қажеті жоқ. Себебі, біз зейнетақы төлеу орталығынан арнайы тізім аламыз. Сондай-ақ қалада соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтар бар. Оларға 36 АЕК – 110 260 теңгеден төленеді. Бұдан бөлек 2500-ден астам тыл ардагеріне 12 АЕК беріледі, ол – 36 756 теңге. Бұл қаражаттар да бірреттік есепшоттарына түседі»,- дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Ұлдана Бекбау. Қаржылай көмектен бұрын аталған азаматтарға шипажайларға да жолдамалар беріледі. Сондай-ақ жылына екі рет басылымдарға жазылуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, қаладағы ардагерлер саны жыл санап азайып келеді. Қазір үшінші мегаполисте 7 соғыс ардагері тұрып жатыр. Олардың ең қарты биыл желтоқсан айында 100 жасқа толады. Ал өткен жылы осы уақытта 21 соғыс ардагерінің көзі тірі еді.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. How to track the location of the other person’s phone without their knowledge? You will be able to track and monitor text messages, phone calls, location history and much more. Free Remote Tracking and Recording of Husband’s Phone Cell Phone Spy. Best Apps to Download for Free to Spy on Another Phone. https://www.xtmove.com/

  2. La mejor aplicación de control parental para proteger a sus hijos — monitoriza en secreto GPS, SMS, llamadas, WhatsApp, Facebook, ubicación. Puede monitorear de forma remota las actividades del teléfono móvil después de descargar e instalar apk en el teléfono de destino.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.