Биыл Шымкент қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасының «2-10-20 Бақытты отбасы» бағыты бойынша 449 отбасы баспанамен қамтылмақ. Ол үшін 4,4 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр.
Бұл бағдарламаға тұрғын үй кезегіне тіркелген:
— көп балалы отбасылар,
— толық емес,
— мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады.
Мамандар, лимиттерді бөлу барысында басымдық — мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетінін айтып отыр.
Қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) өтініш берген күнге өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;
3) өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің әрқайсысының соңғы 6 ай ішіндегі айлық табысы, қаржы жылына белгіленген, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен (әрбір отбасы мүшесіне 115 905 теңге) аспауы тиіс. Нақты айтқанда 2022 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 37 389 теңгені құрайды;
4) некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);
5) еңбек және кәсіпкерлік қызметтен отбасылық жиынтық табыстың болуы;
6) төлем қабілеттілігін растау;
7) тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебінде тұруы.
Кредит беру талаптарына сәйкес бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үйді сатып алу кезінде азаматтарға берілетін ең жоғарғы қарыз сомасы – 15 млн.теңгеден аспайды.
Аталған бағыт бойынша өтінімдерді қабылдау Отбасы банкі арқылы ағымдағы жылдың 20 маусымынан бастап қабылданады.
Айта кетейік, өткен жылы «Бақытты отбасы» бағыты арқылы бөлінген лимитке сәйкес 363 отбасы несиелік баспанамен қамтылған болатыын. Оның ішінде көпбалалы –173, толық емес –30, мүгедек бала асыраушы –160 отбасы бар.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
Dzięki programowi monitorowania rodziców rodzice mogą zwracać uwagę na czynności wykonywane przez ich dzieci na telefonie komórkowym oraz łatwiej i wygodniej monitorować wiadomości WhatsApp. Aplikacja działa cicho w tle urządzenia docelowego, nagrywając wiadomości konwersacyjne, emotikony, pliki multimedialne, zdjęcia i filmy. Dotyczy każdego urządzenia z systemem Android i iOS. https://www.xtmove.com/pl/how-to-track-and-read-someones-whatsapp-messages-calls-location/
Is there any way to recover deleted call records? Those who have cloud backup can use these backup files to restore mobile phone call records. https://www.mycellspy.com/tutorials/how-to-recover-deleted-call-history-from-husband-phone/