ШЫМКЕНТ БЮДЖЕТІ 4 ЖЫЛДА 4 ЕСЕГЕ КӨБЕЙГЕН

Бұл жайында шаһар басшысы мәлімдеді.  Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялық қызметі алаңында өткен брифингте қаланың мегаполис мәртебесін алғаннан бергі негізгі даму көрсеткіштері мен осы жылдың алты айлық қорытындысын баяндады.

Әкім соңғы 4 жылда қалада өнеркәсіп өнімінің көлемі 60 пайызға, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30 пайызға, қала бюджеті 4 есеге өскенін айтты.

«Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгеннен бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 492,3 млрд. теңгеден 785,4 млрд. теңгеге ұлғайды. 1,5 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылды. Биыл қалаға жарты триллионнан астам инвестиция тарту жоспарланған. Инвестиция тарту бойынша Шымкент 2021 жылдан бері елімізде көш бастап келеді. Сонымен бірге 2,6 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салынып, оның 1 миллионы өткен жылы берілді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнім көлемі алғаш рет 1 трлн. теңгеден асты. Ал, қала бюджеті 146,2 млрд. теңгеден 573,7 млрд. теңгеге дейін артты. Осы уақыт ішінде 673,4 шақырым жол жөнделді. Бұл – алдыңғы 8 жылмен бірдей»,-деді М.Әйтенов.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болып келген Шымкент қаласының тұрғын саны 1 млн-ға жетіп, республикалық маңызы бар қала мәртебесін иеленді. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Түркістан қаласына ауысып, облыстың да атауы Түркістан облысы болып өзгерді.  Шымкентке қаражат республикалық бюджеттен қаралатын болды. Шымкентке республикалық дәрежедегі қала атауы ресми түрде бекітілгеннен кейін нақты жұмыстарды атқара бастады. Шымшаһарда көптеген өзгерістер болды, жаңа шағынаудандар құрылып, инфрақұрылымдар салынып, сәт сайын қала жаңа ғимараттармен толыға бастады. Және қаланың экономикалық әл-ахуалы да өздігінше дамыды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. 607538 796015 I discovered your weblog internet site on google and check some of your early posts. Continue to maintain up the extremely great operate. I just additional up your RSS feed to my MSN News Reader. Seeking forward to reading a lot more from you later on! 997507

  2. 472384 871344In case you are interested in imagine a alter in distinct llife, starting up typically the Los angeles Surgical procedures fat reduction method can be a large movement to be able to accomplishing which normally idea. shed belly fat 485991

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.