
Шымкент қаласы аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шараның мақсаты қала аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және олардың жолын кесу болып табылады.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағында 63 қылмыс тіркеліп, оның 43 ашылған, ашылу деңгейі 68,2 пайызды құрайды. Атап айтсақ, іздеуде жүрген 8 қылмыскер ұсталған.
— «Нелегал» есебінде тұрған іздеуде жүрген 14 тұлға ұсталған.
— Есірткі заттарды сақтау және алып жүрген — 10 жайт анықталған.
— Әкімшілік құқықбұзушылық – 1582.
— ҚР заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін — 11 жайт.
— Ұсақ бұзақылық жасаған үшін — 10 жайт.
— Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша — 89 жайт.
— Әкімшілік қадағалауды туралы заңнамасын бұзу — 6 жайт.
— Азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу — 10 жайт.
— Қарсы бағытқа шығу -24 жайт.
— Масаң күйде автокөлікті басқарғаны үшін 8 жайт анықталды.
Осы тұрғыда тағы бір атап өтерлігі, Шымкент қаласы Патрульдік полиция полкі қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» және бір нүктелік рейдтік іс-шарасы аясында қызмет атқару барысында бірнеше құқықбұзушылықты анықтады. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және қала көшелеріндегі тәртіпті бақылау болып табылады.
Рейдтік шара барысында қызметкерлер күңгірттеу, «глушительден» шығатын қатты дыбыс, қауіпсіздік белдігін тақпағандық, нөмірсіз автокөлік жүргізу, заңсыз кортеж ұйымдастыру (автокөліктің люк арқылы басын шығару), жылдамдықты асыру, сондай-ақ салют ату сияқты құқықбұзушылықтарды тіркелді. Осы құқықбұзушылықтар жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіргендіктен, барлық анықталған фактілер бойынша тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылып, заң шеңберінде қажетті шаралар қабылданды.
«Заң мен тәртіп әрқашан басты міндет болып табылады. Қала көшелерінде құқықбұзушылықтарды азайту және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында осындай профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілетін болады», — дейді тәртіп сақшылары.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
