
Тұран ауданы әкім аппараты ұйымдастырған жалпықалалық сенбілік аясында белсенді жұмыстар атқарылды. Тұран ауданы әкім аппараты тарапынан 480 қызметкер мен 26 техника жұмылдырылып, 12 тонна қоқыс шығарылды. Аудан тұрғындары тарапынан 4456 адам, мазарат аумақтарына 300 адам қатысты.
Дене шынықтыру және спорт басқармасынан 52 қызметкер мен 2 техника, денсаулық сақтау басқармасынан 55 қызметкер мен 2 техника, мемлекеттік сатып алу басқармасынан 48 қызметкер мен 1 техника, цифрландыру басқармасынан 40 қызметкер мен 1 техника, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасынан 35 қызметкер мен 2 техника, «QazaqGaz Aimaq» ШӨФ-нен 40 қызметкер мен 1 техника, Тұран электр тарату бөлімінен 20 қызметкер мен 2 техника, Тұран аудандық полиция бөлімінен 100 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.
Әлеуметтік нысандардан 4685 қызметкер мен 5 техника, кәсіпкерлік нысандардан 890 қызметкер мен 4 техника қатысып, сәйкесінше 6 және 7 тонна қоқыс шығарылды.
Жалпы, Тұран ауданы аумағында 10 901 қызметкер мен 49 техника қатысып, 33 тонна қоқыс шығарылды.
Атқарылған жұмыстарға қураған ағаштар мен бұтақтарды кесу, шөп ору, дәнекерлеу және сырлау, жалпы тазалық жұмыстары және басқа да іс-шаралар кірді.
«Таза қала» жалпықалалық сенбілік жұмыстары Әл-Фараби ауданында да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, келесі нәтижелерге қол жеткізілді: Әл-Фараби ауданы әкім аппараты (соның ішінде «Әл-Фараби» КММ, «Таза Өлке» ЖШС) атынан 400 қызметкер мен 15 техника жұмылдырылып, 20 тонна қоқыс шығарылды. Аудан тұрғындары, кәсіпкерлері және мекемелері белсенділік танытып, 4500 адам сенбілікке қатысты.
Сонымен қатар, Тұрғын үй басқармасынан 22 қызметкер, Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасынан 35 қызметкер мен 2 техника, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасынан 24 қызметкер мен 1 техника, Білім басқармасынан 32 қызметкер, ал Дін істері басқармасы (КММ және ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігі және басқа да ұйымдар) 4350 қызметкер мен 5 техника жұмылдырды.
Жалпы, аудан бойынша сенбілікке 9363 қызметкер мен 23 техника қатысып, 25,55 тонна қоқыс шығарылды.
Атқарылған негізгі жұмыстарға қураған ағаштар мен бұтақтарды кесу, шөп шабу, жолдар мен аяқжолдарды жуу, қоқыс алаңшаларын тазалау, жалпы тазалық және басқа да ұйымдастырылған іс-шаралар кіреді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
