Шымкент: Тәрбиелі ұрпақ – құқықтық сауатты қоғамның негізі

Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студент жастарына арналған «Тәрбиелі ұрпақ – ел тірегі» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты жастардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, отбасылық тәрбиенің маңыздылығын түсіндіру, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ буллингке қарсы мәдени көзқарасты дамыту болып табылады.

Кездесу барысында салалық мамандар мен сарапшылар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, құқықтық мәдениетке баулу және тұлғалық дамуына ықпал ететін тәрбиелік бағыттарды кеңінен талқылады. Сонымен қатар адамгершілік қасиеттерді дәріптеу, отбасылық құндылықтарды насихаттау мен құқықтық сауаттылықты жетілдіру мәселелері қозғалды.

Аталған шараға Шымкент қаласы прокуратурасының аға прокуроры Дінислам Әлжан, «Az-UIA» («Әз-Ұя») қоғамдық бірлестігінің педагог-психологы Алтынбек Боранбек, PhD доктор, доцент, тәжірибелі психолог әрі гештальт-терапевт Салтанат Асанова қатысып, өз кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Аға прокурор Дінислам Әлжан жастарға заң үстемдігі мен тәртіптіліктің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіре келе, елге адал қызмет ету нағыз патриотизмнің көрінісі екенін атап өтті. Оның айтуынша, азаматтық белсенділік ұрандатумен шектелмей, әр адамның өз ісіне деген адалдығы мен қоғамға пайдалы болуға ұмтылысынан көрініс табуы тиіс. «Күшті республика – сенімді болашақ» қағидаты әрбір азаматтың саналы әрекетімен жүзеге асырылады.

Тақырыпқа орай атап өтер тағы бір мәселе, оы ретте  ​Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция қызметкерлері де жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылыққа байланысты Политехникалық колледж студенттерімен кездесті.

Іс-шараға Жергілікті полиция қызметі басқармасы Ювеналдық полиция тобының жауапты қызметкерлері қатысты. ​Полицейлер студенттермен тәлім-тәрбиелік сұхбат жүргізіп, құқық бұзушылық және тәртіп бұзушылыққа жол бермей, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын дұрыс ұстануға және бос уақытын тиімді пайдаланып, жан-жақты дамуға шақырды.

Сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілік жасын түсіндіріп, оның ауыр зардаптарға алып келетінін, болашақта жақсы азамат болу үшін жас кезінен бастап үлгілі тәртіп және білімімен ерекшелену қажеттілігін жеткізді. Адамның өмірі мен денсаулығы, құқықтары мен бостандығынан асқан ешқандай қымбат дүниелердің жоқтығын атап өтіп, қауіпсіз қоғам құру еліміздің әрбір азаматының міндеті екеніне тоқталды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You