ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ: БАСКЕТБОЛДАН ФИНАЛ

З.Косодемяньская атындағы №23 мектеп-лицейінде Шымкент қаласының әкімі М. Әйтеновтың бастамасымен «Шымкент жастар лига» жобасының жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары арасында баскетбол ойындарының финалдық кезеңі өтті.
Спорттың БАСКЕТБОЛ түрінен 122 команда, 1464 оқушы қатысып финалдық кезеңге 4 ауданнан төрт командадан шықты.
Абай ауданынан:
1. №55 жалпы орта білім беретін мектебі;
2. №136 жалпы орта білім беретін мектеп;
3. Жамбыл атындағы №26 мектеп-гимназиясы;
4. Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі;
Әл-Фараби ауданынан
1. Т.Тажибаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы;
2. Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейі;
3. М.Х. Дулати атындағы №8 мектеп — гимназиясы;
4. №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп — гимназиясы;
Еңбекші ауданынан:
1. Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы;
2. А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі;
3. Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы;
4. Е.Юсупов атындағы №104 жалпы орта білім беретін мектебі;
Қаратау ауданынан:
1. №114 Сайрам жалпы орта білім беретін мектебі;
2. Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебі;
3. №89 IT мектеп-лицейі;
4. №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы командалары жарысқа түсті.  Тартысқа толы ойынның нәтижесінде:
І-орынға — М.Х. Дулати атындағы №8 мектеп – гимназиясы лайық деп танылды.
ІІ-орын — Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебіне бұйырса,
ІІІ-орыннан — Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының командасы көрінді.

Айта кетейік, Шымкент жастар лигасына» спорттың футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен 151 жалпы орта білім беру мектептерінен 514 команда құрамында 5926 оқушы қатысуда. Атап айтқанда, Абай ауданында — 37, Әл-Фараби ауданында -25, Еңбекші ауданында — 40, Қаратау ауданында – 38. Сонымен қатар, командаларға қолдау көрсетуге 151 мектептен Фан – клуб командалары жасақталып 2265 оқушы қамтылды.
Осы спорттық жарыстарға төрешілік жасауға және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге 400 ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының мамандары жұмылдырылған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Algunos programas detectarán la información de grabación de la pantalla y no podrán tomar una captura de pantalla del teléfono móvil. En este caso, el monitoreo remoto se puede usar para ver el contenido de la pantalla de otro teléfono móvil.

  2. À l’heure actuelle, les logiciels de contrôle à distance sont principalement utilisés dans le domaine bureautique, avec des fonctions de base telles que le transfert de fichiers à distance et la modification de documents.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.