ШЫМКЕНТТЕ ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ ӨТТІ

 Қала күні қарсаңында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы  «Shymqala» этноауылында маусымдық «Қымызмұрындық» этно-фестивалін ұйымдастырды.
Қымызмұрындық – далалық шаруашылық пен салауатты өмірдің ерекше сипаты. Жерімізде жылқы шаруашылығына қатысты 6000 жылдық Ботай мәдениеті бола тұра, оны паш етпеу бізге сын. Осы мақсатта  маусымдық «Қымызмұрындық» салтын ресми мерекелеуге сәйкестендіру және оны түркі әлеміне ортақ ұлттық құндылыққа айналдыру. Көне жөн-жоралғыламызды қайта жаңғырту мен ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеп, салауатты өмір салтын насихаттау.
Қымызмұрындық мерекесіне Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан, «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, ҚР –ның мәдениет қайраткері Күлия Айдарбекова және т.б зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты. Этно фестивальдің І танымдық кезеңінде қолөнершілер көрмесі жасақталып, «Биебау», «Биебайлар», «Ақтамақ» рәсімдері және қымыз әзірлеушілер қымызды баптау барысындағы тәжірибелерімен бөлісті. Ал, шараның ІІ кезеңінде Шымкент қалалық мәдениет басқармасына қарасты мәдениет мекемелерінен (Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театр, Әзіл-сықақ және сатира театр, Орыс драма театры, Қуыршақ және жасөспірімдер театры, Өзбек драма театры, Шымкент қалалық мәдениет үйі, Шымкент цирк және «Шым-қала» мәдени кешені) жасақталған командалар арасында «Ұлттық ойынға-ұлттық санамен» спартакиадасы өтті. Спартакиада барысында көне ұлттық спорт түрлері – арқан тартыс, қол күрес, серке көтеру, садақ ату, бұқа тартыс, аударыспақ, деңгене жеуден сайысқа түсіп, жеңімпаз командалар жүлделі сыйлық пен алғыс хаттармен марапатталды.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.