ШЫМКЕНТТЕ 145 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

 Биыл Шымкентте 308 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның 145-нде жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 163 көшенің жұмыстары күзге дейін аяқталады деп күтілуде. Осы орайда шаһар басшысы Мұрат Әйтенов аумақтағы атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты. Жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатқан көшелердің бірі – Гүлистан көшесі. Қаратау ауданы Қызыл су тұрғын алабының Гулистан  көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Гулистан көшесінің  2-кезеңі атауы жоқ көшенің соңына дейінгі аралықты қамтиды. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 2,7 шақырым, ал ені 5 метр. Бүгінде орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған.

Ал, 2 кезеңіндегі жалғасы КХ-41 автомобиль жолының атауы жоқ көшеге дейінгі аумақты алып жатыр. Ұзындығы 2,1  шақырым болатын көшенің орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

3-кезеңге сәйкес жұмыстар КХ-41 автомобиль жолынан атауы жоқ көшеге дейінгі аралықта жүргізілуде. Көшенің ұзындығы – 2 шақырым, ені-5м. Қазіргі таңда асфальтбетон жамылғысының 1 қабаты төселіп, жұмыстың 80% аяқталды. Екінші қабатын төсеу жұмыстары маусым айының соңына жоспарланған.

Келесі кезекте әкім орташа жөндеу жұмыстарынан өткен Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабындағы Сыдықхан ата көшесінде болды. Көшенің ұзындығы — 2,7 шақырым, ал ені — 5 метр.  Бүгінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілген.

Айта кетейік, биыл қаладағы 145 көше орташа жөндеуден өтеді. Мәселен, Қаратау ауданының Сайрам тұрғын алабында 24 көшенің жолы жөнделеді деп жоспарлануда.Солардың бірнешеуі аяқталып та қойған.

Айтпақшы! Темір тұлпарды тізгіндеген жүргізушілердің назарына!

Бәйдібек би даңғылы мен А.Байтұрсынов көшесін қосатын Жанкент ішкі орам жолы екі бағытта жабылып, көлік қозғалысы шектеледі. Жөндеу мерзімі 24 — 25 маусым аралықты қамтитын болады. Сондай-ақ, Қонаев-Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың айналма жолында жол жамылғысының беткі қабаты салынуына байланысты 2022 жылдың 25 маусымынан – 29 маусымына дейін Рысқұлов көшесін Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейін көліктердің қозғалысы үшін жартылай шектеледі.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.