
ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қолдау туралы да мәлімдеді.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде биыл 3050 адамға кәсіпкерлікті қолдау бағыты көрсетілмек. Олар:
— 1 900 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту;
— 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беру.
Әкімнің айтуынша, қаладағы кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына 13,3 млрд.теңге қарастырылған. Бүгінде 4,1 млрд. теңгеге 1 830 жобаға қолдау көрсетілген.
Ал, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 74 жобаға 1,1 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді. Жергілікті «Іскер қала» бағдарламасы шеңберінде 944 млн.теңге бағытталып, бүгінде 183,4 млн.теңгеге 19 жоба қаржыландырылды.
Сонымен бірге, кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге қолжеткізуі үшін«Shymkent–Atameken» микроқаржы ұйымы арқылы кәсіпкерлерге 25 млн.теңгеге дейін 6 пайыздық несие беріледі. Жыл басынан бері 86 жоба қолдау тапқан.
«Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» бірыңғай орталығында 24 мыңнан астам кәсіпкерге бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап, жобаны пайдалануға беруге дейінгі құжаттарға байланысты қолдау көрсетілуде.
2022 жылжың сәуір айында мемлекеттік қайтарымсыз гранттың бірінші легіне (поток) 400-ден астам өтінім келіп түскен. Оның ішінде комиссия қаралымына 336 — сы жолданған. Өз кезегінде комиссия 226 адамның бизнес жоспарын мақұлдаған. 110-ны кері қайтарылды. Оң нәтиже алған 36-сы жастар санатынан болса, ал 157-сі халықтың әлеуметтік осал тобына жататындар. Олар 400 АЕК дейінгі мөлшерде қаржы алып, өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды.
«Anyq.kz» — аұпарат
738811 36225You produced some initial rate factors there. I seemed on the internet for the difficulty and located most people will go along with together along with your web site. 381521
777001 673249We offer the very best practical and most applicable solutions. All our Sydney plumbers are experienced and qualified and are able to rapidly assess your difficulty and locate the very best answer. 912947