ШЫМКЕНТТЕ 2 ЖОЛАЙРЫҚ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Шымкентте көлік инфрақұрылымын дамытуда бірқатар ірі жобалардың құрылысы жүргізілуде. Үстіміздегі жылы 190 нысан немесе 352 шақырым жолда құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жыл соңына дейін оның 271 шақырымынан астамын пайдалануға беру жоспарда бар. Қалған жолдың құрылысы келер жылға өтпелі.

Оның ішінде құрылыс, қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі. 164 көше орташа және 187 көше күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, 150 орынға аялдама орнату және аудан әкімшілігі тарапынан бекітілген көшелерге шағал тас төсеу жоспарлануда. Он магистральды көшенің төртеуі жаңа, алтауы өткен жылдан өтпелі құрылыстар. Сондай-ақ, қалада биыл 122 шақырым жолға шағал тас төселеді. Сонымен бірге, қазір қалада 2 жолайрық құрылысы салынып жатыр. Биыл Рысқұлов-Қонаев жолайрығы толық пайдалануға беріледі. Арғынбеков-Бәйдібек би жолайрығының құрылысы басталды, келер жылы аяқталады.

2025 жылға дейін 3 жолайрық, 2 транзиттік айналма жол, А-2 автомобиль жолын қайта құру және Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі осы жылы 64,7 пайызға, 2025 жылы 79 пайызға жетеді. Қалада 2025 жылға дейінгі көлік инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспары бекітілген. Осының негізінде жалпы 563 жоба қарастырылыпты. Жол құрылысы саласында өткен жылы орталық көшелердің құрылысына басымдық берілсе, осы жылы ішкі орамдық көшелерді жөндеу қолға алынып отыр.
Естеріңізге сала кетейкі, 2021 жылы автомобиль жолдары саласында 137 нысанда (189,7 шқ) жөндеу жұмыстары аяқталған. 

Жиында  әуе көлігі жолаушыларына ыңғайлы жағдай жасау үшін жеке инвестор есебінен әуежайға жаңа терминал салынып жатырғаны да айтылды.  Құрылыс аяқталған соң, жолаушыларды өткізу қабілеті сағатына 200 адамнан 2000 адамға дейін өседі.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.