ШЫМКЕНТТЕ 300 КҮН АСПАН АШЫҚ БОЛЫП, КҮН КҮЛІМДЕП ТҰРАДЫ

Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Орталық Азиядағы туристік ақпараттық орталықтың І слетін осындай сөзбен ашты. Оның сөзінше, қалаға жақын орналасқан табиғи демалыс аймақтар мен киелі орындары да жеткілікті. Сондықтан оңтүстік өңірдің экологиялық және сакралды туризмі Шымкенттен бастау алуы керек.

–Шымкент – Қазақстанның оңтүстігіндегі ең ірі қала. Мұнда жылына 300 күн аспан ашық болып, күн күлімдеп тұрады. Біз үшін осы әлеуетті тиімді пайдаланып, туризмді қала экономикасының жетекші саласына айналдыру өте маңызды. Міне, осы тұрғыдан алғанда өзге өңірлермен және көршілес елдермен ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін бүгінгі шараның маңызы зор, – деді  Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.

Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары , келген орталық өкілдеріне өз алғысын білдірді. Жалпы, кездесуге Өзбекстан елінің 8 облысынан өкілдер арнайы келіп қатысса, Қырғыстан, Тәжікстан, Әзірбайжан республикалары мен “Kazakh tourism” ҰК онлайн түрде қатысты. Одан өзге, еліміздің 7 аймағынан, яғни «Тараз-туризм», «Visit Aqmola», «Zhetysu Travel”, Семей, “Turkistan Tourism Center”, Visit Nur-Sultan, Шығыс Қазақстан облысының визит орталықтары төбе көрсетті.

 

Бұл шара Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.

Айта кетейік, екі күн бойы жалғасатын слеттің соңында «Visit Shymkent» орталығы бірнеше туристік ұйымдармен ынтымақтастық жөнінде екіжақты келісімдерге қол қоюды жоспарлап отыр.

Халықаралық шараның алғашқы күнінде – сала өкілдері арнайы баяндама жасап, ортақ талқылаулар жүргізсе, екінші күні экскурсиялық бағдарлама аясында Шымкент қаласының көрікті орындары және тарихи нысандарына саяхат жасайтын болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.