ШЫМКЕНТТЕ 5 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

2021-2025 жылдарға бекітілген іс-шара жоспары аясында Шымшаһарда  әр жыл сайын 200 шақырымнан аса жол орташа жөндеуден өтеді. Осы орайда, биыл қала орталығындағы магистралды көшелер мен шалғай мекендерді қоса алғанда 187 нысан, бұл дегеніміз 350 шақырымнан астам жол қалпына келтірілмек. Сондай-ақ, биыл жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы ауқымды 5 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Атап айтқанда:

➖Қонаев даңғылының жалғасын салу, 3 кезең бойынша құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, биыл шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда 90 пайыз жұмыстар атқарылды.

➖А-2 автомобиль жолының 2 кезеңі бойынша сақина типті жолайрығының құрылысы жүргізіліп, жұмыстың 50 пайызы орындалды.

➖Самал-1,2,3 шағын ауданының магистралды және қалаішілік көшелеріне 12,2 шақырым жол салынып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бүгінде жұмыстың 95 пайызы іске асырылды.

➖Рысқұлов -Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрығын салу жұмыстары жүргізіліп, жұмыстың 90 пайызы бітті.

➖Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысында жолаушылар өткелін салу жұмыстары бүгінде 90 пайызға аяқталды.

Бүгінгі күнге жобаларға барлығы 38 мердігер ұйым жұмылдырылды. Ал, 61 көшенің жол жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов жыл басында атқарылған және 2022 жылы жүзеге асырылатын жұмыстар бойынша есеп берген еді.  Сонда басқарма басшысы, қалада осы жылы 300 шақырым жол жөнделіп, асфальт жол үлесі 67,4 пайызға жетеді деген болатын. Ал 2021 жылы автомобиль жолдары саласында 137 нысанда (189,7 шқ) жөндеу жұмыстары аяқталған.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.