Шымкентте азаматтардың қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

Оқужаттығу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вицеминистрі, генералмайор Рамиль Камаловтың басшылығымен өткізілуде. Екі күн ішінде жаттығуға қатысушылар төтенше жағдайлар кезіндегі жедел қызметтердің өзара ісқимылы мен үйлестірудің тәжірибелік дағдыларын пысықтайды. Ісшараның мақсатызілзала жағдайында әрекет ету жүйесін жетілдіру және әрекет етуге дайындықты арттыру.

Оқу-жаттығудың бірінші кезеңі таңғы сағат 08:00-де басталды. Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдары, сондай-ақ, ТЖМ бөлімшелері толық дайындыққа келтірілді. Республикалық және қалалық жедел штабтар, сондай-ақ, зардап шеккен халықты уақытша орналастыруға арналған шатырлы қалашық құрылды. Іс-шарада азаматтық қорғау қызметтерінің жиыны ұйымдастырылып, арнайы құрал-жабдықтардың таныстырылымы өтті. Мұнда өзге өңірлерден келген өндіруші компаниялар заманауи дрондар мен құтқару, медициналық көмек көрсету және апаттық жағдайларда қолданылатын техникаларын ұсынды.

«Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына №52859, 28237 және 68303 әскери бөлімдері, сондай-ақ, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттерінің, Денсаулық сақтау және Қорғаныс министрліктерінің, Апаттар медицинасы орталығының 269 адамы және 90 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Жауаптылардың айтуынша, Шымкент қаласы сейсмикалық қауіпті аймақ ретінде танылған. Сондықтан, қауіпсіздік шараларын қайта қарап, бірнеше өңірлерде халықты құлақтандыратын дабыл жүйесі іске қосылады. Сонымен қатар, жойқын жер сілкінісін жою үшін әр өңірлерге жекеленген сценарий дайындалды.

 «Шымкент қаласында төтенше жағдайға қатысты барлық техникамен қамтылған. Өткен аптада 40 техника алдық. Қазіргі таңда депо салынады. Құжаттары дайындалған. Шымкент қаласы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатамыз. Жер сілкініснен кейін ғимараттар қирайды. Тіршілікті қаматамасыз ету көздері тоқтайды. Теміржол, автокөлік жолдары жабылады» — дейді Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Ирисмат Махмудов.

Жауаптылардың айтуынша, мұндай оқу-жаттығу жиындары төтенше жағдай кезінде халықтың әрекет ету жолдарын пысықтайды. Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларын сақтауға үйретеді. «Бұдан бөлек, зардаптарды азайтады», — дейді қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов.

Айта кетейік, республикалық және қалалық жедел штабтар, сондай-ақ зардап шеккен халықты уақытша орналастыруға арналған, жалпы сыйымдылығы 4 200 адамға дейін жететін шатырлы қалашық құрылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You