ШЫМКЕНТТЕ БАЛМҰЗДАҚТАР ШЕРУІ ӨТТІ

Шымшаһардың туған күніне орай Арбат саябағында мегаполисте бұрын-соңды болмаған «Balmuzdaq Fest» жобасы өтуде. Балмұздақтың сан түрі өндіруші бағасымен саудаланған тәтті мереке екі күн бойы өтті.

 Балмұздақ фестке қатысуға жалпы саны 35 кәсіпкер өтінім білдіріпті. Оның 17-сі балмұздақ сатумен айналысатындар болса, ал 18-і келушілерге ыстық тағам түрлері мен тәттілер ұсынуда. Фестивальде басқа да тағам түрлері ұсынылып, кәуап те пісірілді. Сондай-ақ, келушілер үшін аква грим мен қыш құмыра жасаудан шеберлік сабақтары өткізілді. Алғаш рет өткізіліп отырған іс-шараның мақсаты қала тұрғындары мен қонақтарына жақсы көңіл күй сыйлау дейді ұйымдастырушылар. Олар бұл фестиваль – кәсіпкерлерге өз өнімін таныстыруға үлкен мүмкіндік екендігін айтады. «Шымкент қаласы қонақжайлылығымен, тағамдарымен әйгілі, ауа-райы да тамаша. Қала тұрғындар мен қонақтары енді біздің балмұздақтан да дәм ауыз тиіп кетсін деп ұйымдастырып жатырмыз. Бүгін бізге тағы да ұсыныс келіп жатыр, даладағы балмұздақ сататындар да мүмкіндік беруді сұрап жатыр. Біз келісімізді бердік, ертең олар да өнімдерін шығарады»,-деді, Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров. Балмұздақ фестке тек қала тұрғындары ғана емес, шетелдік қонақтар да келіпті. Катар елінің азаматы Абдул Азиз Қазақстанға жасаған іссапарының Шымкенттің туған күнінен тұспа-тұс келгеніне ерекше қуанғанын, мұндай фестивальге алғаш рет қатысып отырғанын айтты.Екі күн бойы өтетін фестиваль күндізгі 11-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Мұнда тек тіскебасарлар ғана ұсынылып қоймай, келушілерге мерекелік көңіл сыйлау үшін концерттік бағдарлама да ұйымдастырылған. —  Фестивальде келушілер арасында түрлі ойындар өткізіп, жеңімпаздарға мәдени-тарихи орындарға тегін экскурсия, мейрамханаларға сертифкат сыйға берілді. Жалпы балмұздақ фестивалін жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарланып отырмыз»,- дейді ұйымдастырушылар.Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар шаһардың бірнеше жерінде өтіп жатыр. Мәселен, Абай саябағында «Отбасы фест» байқауына 16 жанұя қатысып, үлгілі отбасыны анықтады. Бірнеше кезеңнен тұратын фестиваль жеңімпаздары қаржылай сыйлыққа ие болды. Ал мегаполистің туған күніне арналған іс-шаралар легі мерекелік концертпен жалғасады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.