
«Шымкентте «Мерейлі отбасы — 2022» байқауына қатысуға өтініш білдірген белсенді отбасылар саны артты»,-дейді ұйымдастырушылар. Былтыр конкурсқа қатысуға 110 отбасы ниет етсе, биыл 128 отбасы құжат тапсырыпты.
Қазіргі таңда төрт аудан бойынша аудандық деңгейде өткен конкурс өз мәресіне жетті. Абай ауданы – 33, Әл-Фараби ауданы – 30, Еңбекші ауданы – 31, Қаратау ауданы – 34 отбасы тиісті құжаттарын тапсырып, жеңімпаздарды анықтау бойынша құрылған комиссия өз шешімдерін шығарды. Байқаудың шарты бойынша аудан әкімдіктерінде сәуір-мамыр айларында Шымкент қаласының тұрғындары арасында өтініштер қабылданған еді. Әр ауданнан 4 отбасыдан жалпы 16 отбасы жеңімпаз деп танылып, олар қалалық кезеңге жолдама алды.
Атап айтатын болсақ:
Абай ауданы бойынша: Тоқтиевтар отбасы, Қаржаубаевтар отбасы, Сыздықовтар отбасы, Шаймырзаевтар отбасы.
Әл-Фараби ауданы бойынша: Бидайбековтар отбасы, Абдихановтар отбасы, Шамшиевтер отбасы, Баймахан отбасы.
Еңбекші ауданы бойынша: Байбосыновтар отбасы, Бақтыбаевтар отбасы, Тенизбаевтар отбасы, Шукуровтар отбасы.
Қаратау ауданы бойынша: Жақыповтар отбасы, Есенамановтар отбасы, Бойшевтар отбасы, Адилбаевтар отбасы.
Енді, қалалық кезеңінің жеңімпаздары 15 шілдеге дейін анықталатын болатын. Қалада үздік деп танылған отбасылар республикада бақ сынайды.
Айта кетейкі, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы жыл сайын Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен адамгершілік құндылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін насихаттау, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында 2013 жылдан бері өткізіліп келеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы «Мерейлі отбасы-2021» ұлттық байқауының жеңімпаздары деп Алиевтер отбасы танылған еді. Олар республикалық байқауға жолдама алған болатын.
«Anyq.kz» — ақпарат
703109 30395I ought to appear into this and it would be a difficult job to go more than this completely here. 535703
837732 585703I admire your piece of work, regards for all of the interesting posts . 602372
I’m extremely inspired along with your writing skills as well as with the layout in your
weblog. Is this a paid subject matter or did you customize it your self?
Either way keep up the nice quality writing, it is rare to peer
a great blog like this one these days. Blaze AI!