ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫН 12 АЗАМАТ ИЕЛЕНДІ

Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаты бойынша 12 азаматтың өтінімі мақұлданды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз брифингінде тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева мәлімдеді.
Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау ағымдағы жылдың 13 шілдесінен бастап www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы электронды түрде қабылдануда. Бүгінгі таңда тұрғын сертификатына 39 өтінім келіп түсіпті. Оның ішінде 5 өтінім өтініш берушімен кері қайтарылып алынған, 12 өтінім мақұлданды. Ал 22 өтінім тұрғын үй сертификатының талаптарына сай келмеуіне байланысты, мақұлданудан бас тартылды. Яғни бас тартудың негізгі себептері жолданған өтінімдерде банктің мақұлдау туралы хаты қоса ұсынылмаған, енді бірінде төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен асып кеткен.

Айта кету керек, Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралып отыр. Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде беріледі. Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір үміткер үшін 1 млн. (бір миллион) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалған.

Тұрғын үй сертификатын алушылар санатына мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар сондай ақ Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер жатады.

Қажетті құжаттар тізімі:

1)         нысан бойынша өтініш;

2)         өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

3)         соңғы 6 ай ішіндегі еңбек және кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама;

4)         жұмыс орнынан анықтама (халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда);

5)         қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы банктің хаты.

Құжат тапсырылатын орын:

Өтініш кezekte.kz. интернет ресурсы арқылы қабылданады.

Ол үшін әрбір азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.