ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

Бүгінде Отбасы банк пен жеке құрылыс компаниялар ипотекалық кредиттерді рәсімдеудің жаңа жағдайлары бойынша өзара келісімшарт жасасқан. Онда сатып алушы пәтердің жалпы сомасының 30 пайызын төлей отырып Отбасы банк арқылы ипотекалық кредит рәсімдей алады.  Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне арнайы қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов аталған жағымды жаңалықпен бөлісті. Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі бір алаңшада Шымкенттің 14 құрылыс компаниясын жинады. Олар:— OKS Development;— Bi group;— Батсу;— Otau group;— Kanfar.building;— APT-Курылыс;— Capital City;— Сити строй;— Эристайл;— 01KZ-building;— Витрина недвижимости;— Yassy eco village;— Управление жилья по г.Шымкент;— СПК Шымкент. Осылайша қала тұрғындары бір жерден құрылыс салушыдан ең өзекті ақпарат пен кеңес ала отырып, Отбасы банктің кеңесшілеріне есептеулер жасатып, қолайлы нұсқаны таңдай алады, тіпті 3 млн теңгеге дейінгі жеңілдікке ие бола алады. Егер келуші тұрғын үйді таңдаса және бірден банк кеңесшілерінен кредитке алдын ала мақұлдау алса, онда жеңілдік  алуға болады. Ол 15 минут ішінде жасалады. Жыл басынан бері Шымкенттегі Отбасы банк арқылы 2 мың азаматқа ипотекалық кредит мақұлданған. Шымкентте Отбасы банк арқылы жинақтау және әріқарай тұрғын үй сатып алу үшін тағы 18 мың жаңа салым шоты ашылған. Шотта бастапқы жарнаға қаражат жинақтай отырып, азаматтар тұрғын үй сатып алу үшін 3,5%-дан 8,5%-ға дейінгі мөлшерлемелер бойынша кредит алу мүмкіндігі бар.Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесінде Отбасы банк «Kanfar Building» құрылыс компаниясымен меморандумға қол қойды. Ол 30% мөлшеріндегі төмендетілген бастапқы жарнасы бар жаңа бірлескен бағдарламаның басталғандығын білдіреді. Осы бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алуға берілетін кредиттің ең жоғары сомасы 90 млн теңгені құрайды, кредит беру мерзімі — 6 айдан 25 жылға дейін. Жаңа шарттар бойынша өтінімдерді қабылдау таяу уақытта басталады. Айта кетейік, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ — елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асырушы жалғыз банк. Банк Еуропалық құрылыс жинақ кассалар федерациясының (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру Одағының мүшесі. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Отбасы банк» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.