ШЫМКЕНТТЕГІ ТАБИҒИ ГАЗ КӨРСЕТКІШІ 93 ПАЙЫЗ

Өткен жылы Шымкент қаласында 5 елдімекенге табиғи газ жеткізілді. Сондай-ақ, өткен жылы 3 магистралды газ құбырының құрылысы жүргізілді. Осылайша 2021 жылдың қорытындысы бойынша Шымшаһарда табиғи газ көрсеткіші 93 пайызды құрады.

2021 жылы Шымкент қаласында 5 елдімекенге табиғи газ жеткізілді. Атап айтқанда, Бадам-195 орам, Достық, Азат, Асар-2 елді мекендері мен Тассай шағын ауданының тұрғындары көгілдір отынға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, өткен жылы 3 магистралды газ құбырының құрылысы жүргізілді. Бұл жұмыстарға мемлекеттік бюджеттің есебінен 6 миллиард 100 миллион теңге қаржы жұмсалған. Соның нәтижесінде өткен жылдың соңында Шымкент қаласының тұрғындарын табиғи газбен қамту көрсеткіші 93 пайызға жетті. Бұл жаман көрсеткіш емес. Алайда, меже үшінші мегаполис халқын 100 пайыз табиғи газбен қамту болып тұр. Осы бағытта шаһарда атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Атап айтар болсақ, биыл №3 автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды. Оның қуаттылығы сағатына 250 мың текше метрді құрайды. Бұл нысан қаладағы газ тапшылығы мәселесін түпкілікті шешуге мүмкіндік беріп отыр.
Табиғи газбен шаһардағы 81 елді мекеннің 42-сі толық, ал 31 елді мекен жартылай қамтылған. Қалған қамтылмаған елдімекендерге газ тарту жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта 1 магистралдық және 10 елді мекенде ішкі орамдық газ құбырының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңында Тұран магистралды газ құбырының құрылысы мен Батыс, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Сауле, Көкбұлақ, барлығы 8 елді мекенде құрылыс жұмыстар аяқталады.

Олар Тұран, Көкбұлақ, Ақтас 1-2, Батыс, Қайнарбұлақ, Сәуле (276 орам), Ақжар, Арғымақ, Нұртас, Солтүстік саяжай және Тассай елді мекендері. Нәтижесінде қаладағы 20 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болып, қамту көрсеткіші 94,7 пайызға жетеді.
Сондай-ақ, қазір өткен жылы ішкі жүйелердің құрылысы аяқталған елді мекендерде тұрғындармен техникалық шарт жасау және оларды газға қосу жұмыстары жүріп жатыр.
Жалпы, Шымкент қаласын 2025 жылға дейін толық газдандыру жоспарланып отыр.
«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Grâce au programme de surveillance parentale, les parents peuvent prêter attention aux activités de téléphonie mobile de leurs enfants et surveiller les messages WhatsApp plus facilement et plus facilement. Le logiciel d’application s’exécute silencieusement en arrière-plan de l’appareil cible, enregistrant des messages de conversation, des émoticônes, des fichiers multimédias, des photos et des vidéos. Il s’applique à tous les appareils fonctionnant sur les systèmes Android et iOS.

  2. Melhor aplicativo de controle parental para proteger seus filhos — Monitorar secretamente secreto GPS, SMS, chamadas, WhatsApp, Facebook, localização. Você pode monitorar remotamente as atividades do telefone móvel após o download e instalar o apk no telefone de destino.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.