ШЫМКЕНТТЕГІ ЖЕДЕЛСАТЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНҒАН

Биыл Шымкент қаласы бойынша «2020-2025» жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы аясында 9 көпқабатты тұрғын үйдің жеделсатысы жаңартылады. Сонымен қатар жыл басынан бері 70-ке жуық лифтте қауіпсіздік сапасын бақылау мақсатында  сынақ жұмыстары жүргізілді. Сынақты қалалық орта сапасы және бақылау басқармасыжүргізді.  Нәтижесінде 9 жеделсаты тіркеуге алынып, қалғандарында талапқа сәйкестендіру жүзеге асырылуда.

Басқарма тарапынан сондай-ақ, жеделсатылардың техникалық жағдайын  тексеру шаралары қарқынды жүргізілуде. Мамандар қауіпсіздік талаптарын қадағалау мақсатында Тұран-2 шағын ауданы № 55 А және Нұрсат шағын ауданындағы №219 үй тұрғындары мен аудан әкімдігі және қызмет көрсетуші мекеме өкілдерімен бірлесе  лифттердің жағдайын бақылады. Бұған аталған мекенжайлар бойынша  IKomek 109 бірыңғай байланыс орталығына тұрғындардан өтініштердің жиі түсетіндігі негіз болған. Кездесу қорытындысы бойынша басқарма басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы кемшіліктерді жоюға қатысты тиісті мамандарға бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

«Лифтте қалып қойдым. Жарық өшіп қалды», деген шағымдар бізге де келіп түседі. Басқарма тарапынан лифттерге қызмет көрсетуші мекемелермен Айкөмек 109 бірыңғай байланыс орталығымен интеграцияландыру жұмыстары жүргізілген. Олар 24 сағат бойы жұмыс жасайды. Олар тиісті мекемелерге хабарлама беріп, бақылауға алады»,- дейді бойынша басқарма басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы.

Жалпы, Шымкент қаласында 639 лифт бар. Оның ішінде 515 жеделсаты көпқабатты тұрғын үйлерде орнатылған. Жедел сатыларға қызмет көрсететін мекемелердің саны 11. Жүк көтергіштер  істен шығып немесе оқыс оқиға орын алған жағдайда «IKOMEK» орталығына 109 қысқа нөмірі арқылы хабарласу қажет. Байланыс орталығында тұрғын үйлердің тізімі мен жауапты мекеме қызметкерлері бекітілген.

 

«Anyq.kz» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.