Ана мен бала, әке мен бала арасындағы тәлімді қарым-қатынас ел ертеңінің кепілі десек артық айтқандық емес, Жанұя кіші мемлекет. Ондағы әрбір адамның өзіндік атқарар рөлі болады. Осы орайда шымқаланың туған күні қарсаңында отбасылық — «ОтбасыFest» байқауы ұйымдастырылды. Шаһарымыздың сүйікті демалыс орны Абай саябағында өткен отбасылық жарысқа алдын ала іріктеуден өткен 16 отбасы қатысты. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтайтын «ОтбасыFest» байқауы отбасы құндылықтары насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйыдсатырылып отыр.
Қалалықтардың қуанышымен бөлісуге келген шаһарымыздың бас ұстазы Жанат Тәжиева сайыскерлердің барлығына сәттілік тілеп, жиналған қауымды «Қала күнімен» шын жүректен құттықтады.
— Отан — отбасынан басталады. Сондықтан мемлекет іргесі мықты болу үшін отбасы институты берік болуы тиіс. «ОтбасыFest-тің» көздеген мақсаты да осы. Орын алудан бұрын сахна төріне шығып, жұртшылыққа өнерін таныстырған, отбасы тәрбиесіндегі үлгісі мен тәжірибесін көрсетудің өзі бір бақыт. Біз үшін әлемде жоқ Шымқаладай әсем шаһар біреу ғана. Сондықтан оның дамуына, өркендеуіне үлес қосу әрбір саналы азаматтың парызы, — деді Жанат Арысбекқызы.
Байқау шарты бойынша отбасылар алдымен өздерін таныстырды. Сосын келесі сайыста өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Соңғы турда спорттық сайыстан жүлдеге таласады.
Мерейлі де өнегелі отбасылардың арасынан ең үздік деген отбасыны анықтау әділ қазы алқаларына оңайға түспейтіні жасырын емес. Бұл ауыр таңдау қазылық еткен Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер және білім басқармаларының өкілдерінің еншісінде.
«ОтбасыFest» байқауында жеңіске жеткен отбасылар бағалы сыйлықтарға ие болады.
Еске сала кетейік, 2018 жылдың 19 маусымында Мемлекет басшысы Шымкент қаласына республикалық дәреже беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Содан бері 19 маусым Шымкентте Қала күні ретінде аталып өтіледі. Яғни бұл күн Шымкент қаласының мерейлі мерекесі. Биыл мегаполистің туған күнін 4-ші жыл тойлануда.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
Jeśli Twój mąż usunął historię czatów, możesz także skorzystać z narzędzi do odzyskiwania danych, aby odzyskać usunięte wiadomości. Oto kilka powszechnie używanych narzędzi do odzyskiwania danych:
Locate through the «Find My Mobile» system software that comes with the phone, or through third — Party mobile phone number locating software. https://www.mycellspy.com/tutorials/how-find-my-partner-phone-activity-on-my-phone/