ШЫМКЕНТТІК 50-ГЕ ЖУЫҚ ПОЛИЦЕЙ МАРАПАТТАЛДЫ

Биыл ҚР Полициясына — 30 жыл. Атаулы мерекеде қала әкімі М.Әйтенов шымкенттік полицейлерді құттықтап, Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыстады. Салтанатты шараға қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, жергілікті атқарушы мекеме басшылары, ішкі істер органының ардагерлері де қатысты. Жиылғандар алдымен қызмет бабында ерлікпен қаза болған полицейлерді еске алып, гүл шоқтарын қойды. Жиында сөз алған қала әкімі Қазақстан полициясы отыз жыл ішінде құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен еліміздің тыныштығын қамтамасыз ететін маңызды құрылым ретінде қалыптасып, дамып келе жатқанын айтты. Полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің ізгі тілегімен жалғасқан жиын жас полицейлердің ант қабылдау рәсіміне ұласты. Тарихта өшпес із қалдырған кемеңгер генералдардың жолын берсін деген ниетпен ант қабылдау рәсімін арнайы Ішкі істер органдарының құрметті ардагерлері өткізді. Құқық қорғау саласына жаңадан қадам басқан тәртіп сақшылары; милиция генерал-майоры Сұлтанов Жеңісбай Әбдікерімұлы мен Оспанов Асқар Шуашұлының алдында Отанға адал қызмет етуге ант берді. Өз кезегінде Полиция департаментінің бастығы жас полицейлердің болашағына сенім білдіре отырып, жолдарының ашық, абыройларының асқақ болуын тіледі.

Сондай-ақ, тәуелсіз елдің тәртіп сақшылары Полиция департаменті алдында сақадай сап түзеп, салтанатты шерумен жүріп өтті. Халықтар Ассамблеясы залында жалғасқан мерекелік шарада қиындығы мен қызығы қатар жүретін полиция қызметі туралы арнайы әзірленген деректі фильм мен Ішкі істер министрінің құттықтауы назарға ұсынылды. Шырайлы шаһарды гүлдендіру жолында полицейлермен жұмыла еңбек етіп келе жатқан қала әкімі Мұрат Әйтенов пен маслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов 50-ге тарта полиция ардагерлері мен тәртіп сақшыларына Президент алғыс хаты мен қала әкімінің алғыс хат, естелік сыйлықтары табыстады. Өз кезегінде полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков тарихта өшпес із қалдырған Ішкі істер органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетіп, қызмет барысында қаза болған полицейлердің жақындарына сый-сыяпат табыстады. Бұдан бөлек, қадірлі қонақтардың ішінде Департамент қамқорлығындағы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері бар екенін атап, талантты бүлдіршіндерге ұлттық аспап домбыраны сыйға тартты. Айта кетейік, соңғы 3 жылда полицияға 109 автокөлік, былтыр 3 868 дана бейнебақылау камераласы алынды. Алдағы уақытта қолдау әлі де жалғаса береді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

10 Comments

  1. Having read this I thought it was rather enlightening.
    I appreciate you taking the time and energy to put this informative
    article together. I once again find myself spending a significant amount of
    time both reading and leaving comments. But so what, it was still worthwhile!

  2. I was recommended this website through my cousin. I am no longer positive whether
    this post is written by way of him as nobody else understand such special approximately
    my difficulty. You are amazing! Thanks!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.