ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІ ЖАСТАРДЫҢ СЛЕТІ ӨТІП ЖАТЫР

«Тау самалы» балалар демалыс лагерінде ұйымдастырылған Шымкенттің ерікті жастарының екі күндік слеті басталды.

Оған қаламыздың белсенді жас студенттері мен оқушылары қатысты. Барлығы да еріктілер қозғалысының мүшелері.

Жастар жиынына Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов қатысып,  еріктілерден құралған жас өнерпаздардың концертін тамашалады.

—«Ерікті» деген ұғым қазаққа жат емес. Ата-бабаларымыз бір істе бір-біріне қолдау білдіргенде барлығы бірігіп асарлататын болған. Сол «асар» сөзі бүгінгі еріктінің мағынасына өте жақын. Ендеше еріктілер қозғалысы қаламызда жандана беруі тиіс,  — деді басқарма басшысы.

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Мағжан Исахов екі күндік слетте жастар топқа бөлініп, көшбасшылық қасиетті дамыту, адамдар арасында лидер атану бойынша дәрістер мен жаттығулардан өтіп, жеңімпаз атанғандар бағалы сыйлықтармен марапатталатынын айтты. Демалыс аймағындағы думанды басқосуда басқарма басшысы М. Шотанов жастармен бірге алау отын жағып, «галстуксіз» жағдайда түрлі тақырып аясында өзара пікір алмасты.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 3 000 жас ерікті тіркелген. Қаладағы волонтерлық қызметпен айналысатын ұйымдарды (Жария, Мейірім, Добряки Шымкента, Волонтер Шымкент, ASSA, Ізгілікте жарысайық, Благо дарю, Lider.kz, Жастар қуаты) біріктіріп, «Шымкент волонтерлар қауымдастығын» құрылды. Қауымдастықтың қызметін үйлестіру барысында: «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, 12 245 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға тұрмысқа қажетті азық-түлік себеті үлестірілді. 333 отбасыға қажетті дәрі-дәрмекті жеткізіп берді.Карантин кезінде  волонтерлар 1 млн астам медициналық бетперделер мен антисептик таратты. Мақтааралдағы су апатына байланысты 100 аса волонтер көмекке барып, құлап қалған үйлерді қалпына келтіру үшін тазалық жұмыстарын жүргізуге көмектесті. Елтай елді мекеніндегі 50 отбасына қажеті азық-түлік жеткізілді.Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалына «Jas Otan» жастар қанатының белсенді мүшелерімен, «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорының волонтерларымен бірге 2200-ден астам аз қамтамасыз етілген отбасыларға, көпбалалы аналарға, қарияларға азық-түлік, медициналық бетперде мен антисептиктерді таратылды. 180 отбасыға 1 тонна тауық етін үйлестірген. 

«Anyq.kz» — ақпарат

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.