ШЫМКЕНТТІК КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА «АЛТЫН» ЖӘНЕ «КҮМІС» АЛҚАЛАРЫ БЕРІЛДІ

“6-шілде Астана күні” мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 20-маусымдағы №934 Жарлығымен наградталғаншымкент қаласы Еңбекші ауданының 5 анасына «Алтын алқа», 14 анаға «Күміс алқа» алқалары табысталды.  Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы аналарды осы мерекемен құттықтап, гүл шоқтарын сыйлады.

–Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан сүбелі үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Әр адамның арманы-баласын биіктен көру. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты боларына сеніміміз мол. Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымасбереке-бірлік тілеймін.Отбасыларыңыздың ұйытқысы болып, ақ жаулықты әже атаныңыздар,-деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.
 Жалпы Еңбекші ауданында 8364 көпбалалы ана бар. Оның ішінде «Алтын алқа» — 568, «Күміс алқа» — 1697 иелері. Ақпарат үшін: Егерде Сіздің мекен-жай тіркеліміңіз (прописка) Еңбекші ауданында болса, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларының құжаттарын Л.Толстой көшесі, №119 үйде орналасқан аудан әкімі аппаратына келіп тапсырсаңыз болады.Тел: 53-27-42. Жалпы, Шымкент қаласындағы көп балалы аналар саны – 43 446.  Оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 10 892 жан.

2022 жылы жоғарыда аталған азаматтарға қолдау білдіруде, Атап айтқанда,мереке мен атаулы күндерге арналған бір реттік және ай сайынғы төлемдер жүзеге асырылады. Айта кетері, «Алтын алқа» жеті не одан көп бала туған және тәрбиелеп өсірген аналарға беріледі. Ал «Күміс алқамен» алты баласы бар аналар марапатталады. «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне табысына қарамастан ай сайын 6,4 АЕК мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 2022 жылы оның мөлшері 19 603 теңгеге тең.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.