Шымкенттік отбасылар конкурсқа қатыса алады

Шымкентте  «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсына қатысу үшін өтінімдер кабылдау басталғандығын назарларыңызға жеткіземіз. Конкурс отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғыртуға, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіруге және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасылардың мүшелері жіберіледі. Конкурсты өткізу қағидаларымен Шымкент қаласы әкімдігінің www.gov.kz сайтынан танысуға болады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар (өтінім, конкурстық материалдар) 2022 жылғы 23 мамырдан 23 маусымға дейін келесі мекен-жайларда қабылданады:

Абай ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Тәуке хан, № 3А. Байланыс: +7 (7252) 53-02-00;

Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі, № 49. Байланыс +7 (7252) 54-58-46;

Еңбекші ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Толстой көшесі, № 119. Байланыс +7 (7252) 53-27-42;

Қаратау ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы, № 60. Байланыс +7 (7252) 77-45-96.

Өз тіркелген ауданыңызға құжаттарды тапсырыңыз.  Толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы біле аласыз: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000306

Ескеретін жайт, Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар және бұрын сотты болған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды. Конкурс үш кезеңде өткізіледі.

Бірінші кезең – аудандық (қалалық);

Екінші кезең – өңірлік;

Үшінші кезең – ұлттық.

Айта кетейік, 2021 жылы конкурсты өткізудің жаңа тәсілдері енгізілді. Соған сәйкес енді жыл сайын республика бойынша 17 үздік отбасы анықталатын болады.

«Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпазы Шымкент қаласы бойынша «Әлиевтер отбасы» болып анықталған еді.

Еске салсақ, 2021 жылы Шымкент қаласының тұрғындары арасынан барлығы 110 өтініш қабылданған болатын. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда 4 есе көп отбасы қатысқандығын көрсетіп отыр. Сонымен қатар, 2021 жылы байқауға көп балалы және жас отбасылар екі есе көп қатысқан.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.