Шымкенттік полицейлер студенттер мен оқушыларға отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқарасының ЖПҚБ КТІЖ инспекторлар Шымкент қаласындағы №25, №76 мектеп оқушыларына, Шымкент көпсалалы колледж студенттеріне профилактикалық түсіндірме жұмыстарын, нақтырағы, балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын, құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ теріс қылықтардың алдын алуға бағытталған түсіндірме жүмыстарын жүргізді.

Түсіндіру жұмыстарын мектеп әкімшілігі және мұғалімдер, полиция инспекторлары мен психологтар бірге жүргізді.

Негізгі бағыттары:
1. Құқықтық түсіндіру жұмыстары
• Балалардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
• Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы айту;
• Заңды бұзудың салдарына мысалдар келтіру.
2. Қауіпсіздік ережелері
• Жол қозғалысы ережелері («Абайлаңыз, балалар!» акциясы);
• Өрт қауіпсіздігі, электр құралдарын дұрыс пайдалану;
• Су айдындарында және көшеде өзін ұстау ережелері.
3. Денсаулық пен салауатты өмір салты
• Темекі, ішімдік, есірткі сияқты зиянды заттардың зияны туралы әңгіме;
• Дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, жеке бас гигиенасы;
• Инфекциялық аурулардың алдын алу.
4. Киберқауіпсіздік және интернет мәдениеті
• Әлеуметтік желілердегі алаяқтық түрлері;
• Жеке мәліметті қорғау;
• Интернеттегі буллингтің (қорқыту, мазақ ету) алдын алу.

Мұнан өзге отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша да сараптама алаңы өтті. Іс-шараға Психологиялық көмек, күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің басшысы Жібек Мұратқызы Сайдахан, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының ЖПКБ ОТЗЗҚКБ инспекторы полиция капитаны Әсемай Есенқызы Анарбаева, Тұран АПБ ЖПҚб ОТЗЗҚКб бастығының міндетін атқарушы, полиция аға лейтенанты Наргиза Жәдетқызы Қиюбек және «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері қатысты.

Мақсаты: Отбасылық зорлық-зомбылықтың себеп-салдарын, оны болдырмау жолдарын талқылай отырып, мамандар арасында ашық пікір алмасу алаңын ұйымдастыру. Іс-шара барысында тиімді алдын алу тетіктері, құқықтық және әлеуметтік қолдау мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, қоғамда отбасылық құндылықтарды нығайту, зорлық-зомбылыққа төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру жолдары сөз болды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You