ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР, ЖАРАДЫ!

Ливан қаласында өткен Азия чемпионатында, ұлттық құрама команда сапында өнер көрсеткен шымкенттік төрт спортшы жүлдемен оралды.

Ел қоржынын алтын және күміс медальмен толықтырған жеңімпаздарды жанкүйерлері әуежайдан арнайы күтіп алды.

Маусымның бірі мен төрті аралығында Ливан қаласында өткен Азия чемпионатында көк туымызды желбіретіп, ел қоржынын алтын медальмен толықтырған спортшылардың бірі шымкенттік – Азман Амаева. Ол шетелде самбо күресінен 80 кг салмақта өнер көрсетті. Жеңімпаз ару әуежайдан өзін қуана қарсы алып, қолдауға жиналған жанкүйерлеріне жарыстың қалай өткенін айтып, бәсекеден алған әсерімен бөлісті.

 «Азия чемпионатында біздің спортшылар жоғары дәрежеде өнер көрсетіп алтын және күміс жүлдені иелендік. Жарыс тартысты әрі қызықты өтті. Өте жоғары дәрежеде. Ерекше әсер қалдырды»,-дейді Азман Амаева.

Аталған дода да Азманмен бірге, мегаполистен 5 спортшы өнер көрсетіп, төртеуі жүлделі орын иеленді. Жаттықтырушылар бұл көрсеткіш үлкен еңбек пен маңдай тердің нәтижесі екенін айтады. Сондай-ақ олар мұнымен шектелмейтінін айтып, шәкірттерінің алға қойған мақсатымен бөлісті.

 «Шымкент қаласынан 5 спортшымыз қатысты. Жастар арасында Өмірбек Алина деген қызымыз чемпион болды, және Нұрсейіт Санжар чемпион болды. Және жауынгерлік самбодан Әсет Анарбай екінші орын алды. Ересектер арасында екі қызымыз Азия чемпионаты алтын медаліне ие болды»,-дейді Самбо күресінен аға бапкер Қорған Тұрымбетов.

«Азия чемпионы болу үшін еңбек ету керек. Осындай жетістікке жету сол еңбектің арқасы. Олар біздің мақтанышымыз. Бұйырса биыл Әлем чемпионаты болады, соған қызу дайындалады. Ол сайыста да спортшыларымыз жоғары дәрежеде өнер көрсетеді деген үміттеміз»,- деді  Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Нұрлан Орынбаев.

Айта кетейік, дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Азия чемпионатына биыл 32 мемлекеттен 350 спортшы бақ сынаған. 

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Grâce au programme de surveillance parentale, les parents peuvent prêter attention aux activités de téléphonie mobile de leurs enfants et surveiller les messages WhatsApp plus facilement et plus facilement. Le logiciel d’application s’exécute silencieusement en arrière-plan de l’appareil cible, enregistrant des messages de conversation, des émoticônes, des fichiers multimédias, des photos et des vidéos. Il s’applique à tous les appareils fonctionnant sur les systèmes Android et iOS. https://www.xtmove.com/fr/how-to-track-and-read-someones-whatsapp-messages-calls-location/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.