Шымкенттік тәртіп сақшылары бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережелерін сақтап жүруді үйретті

Бүгін Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының Кәмелет жасқа толмағандар жөніндегі ипспекторы полиция майоры Саттар Мұстафаұлы Байсеитов пен полиция майоры Ербол Қуанышбайұлы Елеупов №14 Айбек атындагы жалпы орта мектепте бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережелерін сақтап жүру мақсатында балаларға жол ережесін үйретті.

Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі — ең басты байлық. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Статистика бойынша, өкінішке қарай, жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді.

Сол себепті балалардың өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын мектепке дейінгі кезеңде қалыптастыру қажет. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан, кейбірулер машина дөңгелегіне ілініп, қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

«Балалар жолда жүру заңын сіз бен бізден үйренеді. Балалар үлкендердің жүріс-тұрысының жақсы жағын да, жаман жағын да қабылдайды. Көп жағдайда балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны көлік жүргізушілерінің ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен де болады. Балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап, балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата-ананың міндеті саналады», — деп атап өтті полицейлер.

Мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде балаларға арнап «Жолда жүру ережесі» тақырыбында оқу іс-әрекеттері және түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. Сондықтан әрбір бала үйретілетін «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы іс-әрекетті мұқият тыңдап, өткізілген іс-әрекеттен қорытынды жасап отыруға міндетті.

Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында полицейлер ойындар, әңгімелер, серуен кезіндегі ойын түрлері, конкурстар, сұрақ-жауаптарды кеңінен қолданады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You