Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева кезекті азаматтарды қабылдауы барысында жеңілдетілген несиелік бағдарламаларға қатысудың бағыт бағдарын түсіндіріп, тұрғындардың баспана мәселесін шешу жолдарын қарастырды.
Ағымдағы жылдың 10.06.2022 ж. — 20.06.2022 жж аралығында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «5-20-25» несиелік бағыты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін конкурс жүргізілуде. Аталған тұрғын үйлер «Тұран» шағын ауданында орналасқан. Тұрғын үйдің таза әрлеудегі 1 шаршы метрінің құны 180 000 теңге. Пәтер түрі 1-бөлмелі, 77- пәтер, ең үлкен аумағы 42,54 шаршы метрді құрайды. Конкурсқа өтініштерді қабылдау Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылуда.
Айта кету керек, өтініш берушілер құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің Otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре алады.
Сонымен қатар азаматтарды қабылдау барысында тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау және “Бақытты отбасы” бағдарламасына қатысты бірқатар сауалдар қойылып, Заң аясында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,74 баптарына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгіленген тәртіппен кезек реті арқылы берілетіндігі жеткізілді.
Айта кетейік, 20 маусымнан бастап «2-10-25» Бақытты отбасы бағдарламасына қтінім қабылдау басталды. Аталған конкурс 20 маусым мен 19 шілде аралығында www.otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталы арқылы жүргізіледі. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасының «2-10-20 Бақытты отбасы» бағыты бойынша Шымкент қаласына 449 отбасыны баспанамен қамтамасыз етуге 4,4 млрд. теңге көлемінде лимит бөлініп отыр.
«ANYQ.KZ»-ақпарат