
Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер талқыланып, индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ербол Айдарбеков баяндама жасап, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге тоқталды. Ауыл шаруашылығы, құрылыс, өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, салық түсімдері мен жұмыспен қамту бағыттарындағы жоспарлардың орындалу деңгейін баяндады.
Мәжіліс барысында аудан басшысы әрбір бағыт бойынша нақты талдау жүргізіп, көрсеткіштердің уақытылы әрі сапалы орындалуының маңыздылығын атап өтті. Жауапты бөлім басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне жоспардағы межелердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды, кемшіліктерді дер кезінде жоюды тапсырды.
Мәжіліске аудан әкімінің салалық орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округтер мен кент әкімдері қатысты.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
