Созақ ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланды

Loading

Созақ ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы талқыланып, негізгі салалар бойынша атқарылған жұмыстар сараланды. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен өткен мәжілісте экономикалық өсімге әсер ететін негізгі индикаторлардың қазіргі жағдайы қаралды.

Жиында аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ербол Айдарбеков баяндама жасап, жыл басынан бергі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен жоспарлы көрсеткіштердің орындалу деңгейіне тоқталды. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, шағын және орта кәсіпкерлік, инвестиция тарту, салық түсімдері, жұмыспен қамту және басқа да маңызды бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар сараланды.

Аудан басшысы әрбір саланың көрсеткіштеріне жеке тоқталып, жоспарлы межелердің орындалуына талдау жүргізді. Оның айтуынша, белгіленген индикаторларға қол жеткізу – аудан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі. Осыған байланысты жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына әр көрсеткіштің орындалуын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.

Сонымен қатар көрсеткіштері төмен бағыттарға ерекше назар аударылып, қалыптасқан жағдайды түзетуге бағытталған нақты шараларды жедел қабылдау міндеттелді. Жауапты басшыларға орын алған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюмен қатар, жоспарланған көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Мәжіліс қорытындысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін әрбір бағыт бойынша жұмысты күшейтіп, нақты нәтижеге бағытталған тәсілді қалыптастыру қажеттігі атап өтілді. “Аталған тапсырмалардың орындалуы алдағы кезеңде тұрақты бақылауда болады”, — деді аудан басшысы.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You