
Аудан әкімінің орынбасары Серік Мамановтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Аппарат мәжілісіне аудандық бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округтер мен кент әкімдері қатысты.
Мәжілісте күн тәртібіндегі басты мәселе – индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы қаралды. Аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ербол Айдарбеков баяндама жасап, жоспарлардың жүзеге асу деңгейіне тоқталды.
Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Серік Сахиұлы әр салаға жан-жақты тоқталып, көрсеткіштердің уақытылы әрі сапалы орындалуы үшін жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы тиімділікті арттыру мен жұмыс жоспарларын жүйелі ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.
Бұдан бөлек Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға» сәйкес, Созақ ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықпен тікелей кері байланыс орнату.
Аталған іс-шараға Созақ ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, аудандық жер кадастр, аудандық жер қатынастары бөлімінің жауапты мамандары қатысты. Іс-шара аясында «Жылжымайтын мүлік, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жылжымайтын мүлікке обьектінің паспорты, кадастр және т.б.» тақырыбына орай азаматтарға кеңес беріліп, тұрғындардың көкейіндегі сұрақтарына нақты әрі толыққанды жауаптар ұсынылды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу тәртібі туралы үнпапақтар азаматтарға таратылды.
Мемлекеттік органдар тарапынан сервистік көзқарасты дамыту, ашықтық пен халыққа жақын болу қағидасын ұстану бағытында өткізілген бұл іс-шара тұрғындар тарапынан оң бағасын алды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
