Созақ ауданында тұрғындармен облыстық мәслихаттың депутаттары кездесті

Loading

Созақ ауданында Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Бегімбет Байғараев пен Мағауия Тұрысбеков, сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиевтің қатысуымен тұрғындармен кездесу өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов жүргізді.

Кездесуде облыстық мәслихаттың атқарған жұмыстары мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған шешімдер кеңінен талқыланды. Депутаттар бюджет қаражатының игерілуі, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуы және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалар жөнінде баяндады.

Сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысы, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері негізінде қабылданған шешімдер және алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер таныстырылды. Халықпен тұрақты байланыс орнату, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын назарда ұстау және көтерілген мәселелерді заң аясында шешу депутаттардың негізгі міндеттерінің бірі екені атап өтілді.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, депутаттарға сауалдарын жолдады. Әлеуметтік мәселелерден бастап, инфрақұрылым мен жергілікті маңызы бар түйткілдерге дейін түрлі ұсыныстар айтылды. Депутаттар қойылған сұрақтарға жауап беріп, бірқатар мәселелер тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп қаралатынын жеткізді.

Мұндай кездесулер халықтың ұсынысын тікелей тыңдап, жергілікті жердегі өзекті мәселелерді тиісті деңгейде көтеруге мүмкіндік береді. Кездесуді қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов тұрғындардың талап-тілектері мен ұсыныстары алдағы жұмыстарда ескерілетінін атап өтті.

Жиынның ауанынан ұққанымыз, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстар халықтың нақты сұранысымен сабақтастықта жалғасып, тұрғындар мен мәслихат депутаттары арасындағы кері байланысты одан әрі нығайтуға басымдық берілмек.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You