Созақтық ардагерлер жаңа спорт алаңшасында кіші футболдан сынға түсті

Бүгін Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығы ғимаратының жанынан қосымша салынған жабық үлгідегі кіші футбол алаңшасының ашылу салтанаты өтті.

Ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов қатысып, көпшілікті жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтады. Ардагерлерге арналған бұл бастаманың белсенді өмір салтын насихаттауға және аға буын өкілдерінің денсаулығын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов, еңбек ардагерлері Бүркіт Арынбеков пен Аманбек Мұсабекұлы да сөз алып, шараның маңыздылығына тоқталды. Ардагерлерге мықты денсаулық пен сергектік тіледі.

Ашылу салтанатынан соң 63 жастан жоғары ардагерлер арасында кіші футболдан аудандық жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа әр округтен келген 5 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Алаң төрінде ардагерлер ерекше жігер мен сергектік танытып, шеберлік пен ептіліктерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Шолаққорған ауылынан құралған «Ақселеу» командасы жеңіп алды. 2-орын Таукент кентінің командасына бұйырды. 3-орынды Жартытөбе ауылының командасы иеленді.

Сонымен қатар, Құмкент және Шолаққорған ауылындағы «Тұлпар» командалары ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Шара соңында жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен грамоталар табысталды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You