Студенттер «Жарқанат» музыкалық комедиясын сахналады

Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Спорт және өнер» факультетінің бітіруші студенттері жаңаша бағытта дипломдық жобаларын қорғады.
Биылғы «Спорт және өнер» факультетінің бітіруші топтарының жаңаша бағытта дипломдық жобасын қорғаудағы ерекшелігі: «Актёрлық өнер» мен «Дизайн»мамандығының бітіруші студенттері сахнада көрермен алдында, бірігіп өнерлерін ортаға салды.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «И.Штраус пен Ю.Бенедиктің «Жарқанат» музыкалық комедиясы». Қоюшы режиссер ҚР Мәдениет саласының үздігі: Мақсат Айтжанов. Хороеграф: Талшын Мұстапаева. Костюмдер бойынша: Ержан Рысымбетов.
Спектакльді сахналаған бітіруші білімгерлер шебер орындаушылықтарымен жобаны үздік қорғап шығып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Айта кетейік, «Жарқанат» музыкалық комедиясына университет тарапынан арнайы қаражат бөлініп, киім тігу үшін материалдармен қамтамасыз етілді. «Дизайн» мамандығының бітіруші студенттері дипломдық жоба аясында сахналық костюм тіксе, болашақ актёрлер сол костюмдермен спектакльде рөлдерін сомдады. Нәтижесінде университет қоры 40-тан астам костюммен толығып, бір спектакль дүниеге келді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Quando suspeitamos que nossa esposa ou marido traiu o casamento, mas não há evidências diretas, ou queremos nos preocupar com a segurança de nossos filhos, monitorar seus telefones celulares também é uma boa solução, geralmente permitindo que você obtenha informações mais importantes.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.