Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 14.06.2022 жылғы нұсқауына сәйкес, 2022 жылдың 27 мен 29 маусым аралығында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» алдын алу іс-шарасы өтуде.
Алдын алу шарасының негізгі мақсаты кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар мен оларға қатысты қылмыстың алдын алу болып табылады.
Іс-шараның алғашқы тәулігінде Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері Қазығұрт аудан орталығында жасөспірімдер шоғырланатын ғимараттарға, ойын-сауық кешендеріне, дүкендер мен көңіл-көтеретін орындарға жасалған рейдтік шара барысында:
ҚР ӘҚБК-нің 442 бабы 1 бөлігі Кәмелет жасына толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден кейін ойынхана ошақтарында болғаны үшін заңды өкілдеріне 3 АЕК есебінде айыппұл салынатыны көрсетілген.
ҚР ӘҚБК-нің 442 бабы 2 бөлігі бойынша кәмелет жасына толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23:00-ден кейін болуына байланысты заңды өкілдеріне ескерту жасалады.
ҚР ӘҚБК-нің 132 бабы бойынша ойын-сауық орталықтарына кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің кіруіне жол берген жеке тұлғаға 10 АЕК есебінде айыппұл салынады.
Ата-анасының қадағалауынсыз жүрген жасөспірім Қазығұрт ауданында орналасқан «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына» орналастырылады.
Елімізде заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден кейін компьютерлік клубтарда, ойын-сауық орындарында болуға және 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған.
Барлық сыртқы қызметтер, әсіресе тәуліктің кешкі және түнгі уақытында қоғамға қарсы бағыттағы кәмелетке толмағандардың топтарын анықтауға, оларды профилактикалық әңгімелесу жүргізу, жеке басын және ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ілесіп жүруінсіз осы немесе өзге де орындарда болу себептерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады.