ТҮРКІСТАН: ТАРИХЫ ТЕРЕҢ, ТАБЫСТЫ ОҚУ ОРНЫ!

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі» 2022-2023 оқу жылына 9 сыныпты бітіруші оқушыларды оқуға қабылдайды. 

Колледжде 99 мұғалім шебері, 725 студент, 8 мамандық бар.

Олар:

10130300 — Тамақтандыруды ұйымдастыру

 

3W10130302 – Аспазшы

07320100 — Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану

 

3W07320102 — Ағаш Ұстасы Және Паркет Жұмыстарының Шебері

07230100 — Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

 

3W07230101 – Тігінші

07150500 — Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)

 

3W07150501 — Электргазымен Дәнекерлеуші

07161300 — Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

 

3W07161302 — Автомобиль Электр Жабдықтарын Жөндеу Жөніндегі Электрикк

07161300 — Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

 

3W07161301 — Автомобиль Жөндеу Слесарі

08110300 — Жеміс-көкөніс шаруашылығы

 

3W08110304 – Жеміс Өсіруші

 

07161600 – Ауыл шаруашылығын механикаландыру

 

3W07161603 — Ауыл Шаруашылығы Өндірісінің Тракторист-Машинисі

 

«Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 9 тамыз 2011 жылы №207 қаулысымен Д.Қонаев атындағы №48 мектеп-лицей базасында құрылған. Колледждің 4 қабатты 480 оқушыға арналған оқу ғимараты, 120 орындық жатақханасы, 100 орындық асханасы, спорт залы, 220 орындық жиналыстыр залы, 1,12 га жерде орналасқан 8 мамандық бойынша 200 орындық жаңа шеберхана ғимараты және оқушылар оқып үйренуі үшін 1,45 га автодромы бар.

Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіптік білім басқармасының 1964 жылғы «Өндіріске арналған кәсіби білікті мамандарды даярлау бойынша кәсіптік техникалық училищені»үйымдастыру туралы қаулысы негізінде «№108 кәсіптік техникалық училищесі» өзінің іргетасын қалады.

Аталған мекеме ұзақ жылдық қызмет ету тарихында өзінің атауын бірнеше рет ауыстырды.Атап айтқанда: Мемлекеттік профессиональдық білім беру мекемесінің 13 тамыз 1984 жылғы №220 бұйрығы бойынша СПТУ-108, СПТУ-32 болып қайта аталды.

Оңтүстік Қазақстан облысы Білім департаментінің 5 тамыз 1996 жылғы №474 бұйрығы бойынша №32 СПТУ жабылды.

ОҚО Білім департаментінің 16.08.1996 жылғы №495 бұйрығы бойынша №48 жалпы орта мектебі болып ашылды.

ОҚО Білім беру департаментінің 10 мамыр 2000 жылғы №273 бұйрығына сәйкес 10 мамыр 2000 жылдан бастап №48 Д. Қонаев атындағы орта мектебіне №48 Д.Қонаев атындағы мектеп-лицейі статусы берілді.

№48 Д.Қонаев атындағы мектеп-лицейі мемлекеттік мекемесі,ОҚО әкімінің 2011 жылғы 9 тамыз №207 қаулысымен Сайрам ауданының №25 кәсіптік лицейі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып қайта аталды.

Сайрам оуданының №25 кәсіптік лицейі МКҚК,ОҚО әкімінің 2011 жылғы 8 қыркүйек №223 қаулысымен Сайрам ауданының №25 Д.Қонаев атындағы кәсіптік лицейі МКҚК болып қайта аталды.

Сайрам ауданының №25 Д.Қонаев атындағы кәсіптік лицейі МКҚК ОҚО әкімінің 2012 жылғы 24 желтоқсан №394 қаулысымен ОҚО білім басқармасының №25 Д.Қонаев атындағы колледжі болып қайта аталды.

ОҚО білім басқармасының №25 Д.Қонаев атындағы колледжі МКҚК ОҚО әкімінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы №13 қаулысымен ОҚОның білім,жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының Д.Қонаев атындағы №25 колледжі МКҚК болып қайта аталды.

ОҚО ның білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының Д.Қонаев атындағы №25 колледжі МКҚК ОҚО әкімінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі №99 қаулысымен ОҚО білім басқармасының Д.Қонаев атындағы №25 колледж МКҚК болып қайта аталды.

ОҚО ның білім басқармасының Д.Қонаев аграрлық техникалық колледжі МКҚК Түркістан облысының білім басқармасының 2019 жылғы 21 қаңтардағы №11 қаулысымен Түркістан облысының білім басқармасының Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі болып қайта аталды.

.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.